Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Әсел Назарбетова, http://mail.ult.kz/post/kazirgi-syn-katerler-keleshekte-muldem-baska-ekonomikany-kalyptastyrady?fbclid=IwAR1OWCiV1sxf4EtCKRSWppUCDqh76lO8XC8Z6lX1qLu6DbGjCokza-yJeRo

Бүгінгі күннің қатерлі індеті коронавирустың таралуы әлем бойынша және елімізде әлі де шарықтау шегіне жетпегендіктен, Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 10 сәуірдегі отырысында карантин режимінің айдың аяғына дейін созылатындығы туралы шешімін жариялады. Індетке қарсы күрес шараларының ең тиімдісі – адамдардың әлеуметтік оқшауланып, карантин режимін қатаң сақтауы екендігін әлем елдерінің тәжірибесі және коронавирустың таралуын бәсеңдетуге бағытталған шұғыл шаралардың еліміздің ірі қалаларындағы нәтижелілігі көрсетіп отыр. Дегенмен әлі де індетті толық жеңу үшін қосымша шаралар жүргізу қажет. 

Қазақстанның COVID-19 әлемдік пандемиясына қарсы күрес шаралары және соның салдарынан туындап отырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеру тәжірибелері, халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған көмек түрлері халықаралық қауымдастықтың оң бағасын алып отыр. Берілген баға Мемлекет басшысының шетелдік әріптестерімен телефон арқылы байланысы барысында көрініс тапты. Сонымен қатар ҚР Президенті Қ.Тоқаев елдегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы бейнеконференция форматында өткен Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің (ТТМЫК) төтенше саммитінде баяндап, бүгіндегі жаһандық дағдарысқа тойтарыс беру үшін ортақ күш шұмылдыруға шақырды.

Аталған жиын барысындағы Мемлекет басшысының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, экономиканы жедел түрде цифрлық платформаға көшіруге байланысты көтерген бастамалары Қазақстанның ішкі жағдайында де алдағы уақытта күн тәртібінің басты және маңызды мәселелері болмақ. Себебі COVID-19 індеті осы бағыттағы біраз қордаланған мәселелердің бар екендігін айқын көрсетті.  

Көптеген беделді халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, қазіргі әлем жұртшылығы бастан кешіп отырған сын-қатерлер келешекте жаңа әлемдік тәртіпті, мүлдем басқа экономиканы қалыптастырады. Соған дайын болу, қазіргі жағдайды мүмкіндік ретінде пайдаланып, тұрақты дамудың жаңа белесіне шығу – еліміздің басты әрі уақыт күттірмейтін мәселесі. Сол себепті Қазақстан халқының береке-бірлігінің арқасында жаһандық індетпен күресті еңсеріп, алға қарай нық сеніммен, жоғары жауапкершілікпен қадам басуымыз қажет.  

Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясының зардабын барлық әлем елдері тартып отыр. Осы орайда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысында COVID-19 індетінің салдарынан қоғамда наразы көңіл-күй мен зорлық-зомбылықтың көбейіп кетуі, лаңкестердің биологиялық қарумен шабуыл жасауға ұмтылуы мүмкін екені туралы айтты. Бұл, өз кезегінде, келешекте экономикалық дамумен қатар қауіпсіздік мәселелерінің де өзектілігі артатындығын аңғартады. 

Басылымдар