Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Әсел Назарбетова, https://www.inform.kz/kz/zhahandyk-indetke-baylanysty-dagdarys-tolyk-ayaktaldy-deuge-ali-erte-asel-nazarbetova_a3648463?fbclid=IwAR0va8YPPQacYxF0M3TpjSgoBh9IVL_yTJ0DvdCVya7Jvu4s-ZybwrohpIE

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһандық індетке байланысты дағдарыс толық аяқталды деуге әлі ерте. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін 2 айға созылған төтенше жағдай режимі аяқталды. Ол туралы Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында жариялады. Дегенмен жаһандық індетке байланысты дағдарыс толық аяқталды деуге әлі ерте. Бұған әлем бойынша індетті жұқтырғандардың саны 4 миллионнан, Қазақстан бойынша 5 мыңнан асып отырғандығы дәлел. Сол себепті күнделікті өмірде, жұмыс орнында, адамдармен қарым-қатынаста сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн екендігін, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек екендігін ҚР Президенті Қ.Тоқаев ерекше атап өтті», дейді Әсел Назарбетова. Оның айтуынша, карантин талаптарын жұмсартқан бірқатар елде қайтадан індет таралуының күрт өршуі бұл мәселеде салғырттық таныту мен жеке жауапкершіліктің деңгейін төмендетуге болмайтынын көрсеткен. «Германияда 6 мамырдан бастап карантин шараларын қысқартудың екінші кезеңіне өту арқылы барлық сауда орталықтарын ашу, бұқаралық және кәсіби спортқа рұқсат беру, сән салондарын, музей, зоопарктер жұмыстары жандандыру, мектептер біртіндеп сабақтарын бастауға көшкен болатын. Алайда, вирусты жаңа жұқтырғандар саны көптеп тіркелетін жағдайда, қайтадан қатаң карантин режимі федералды аймақтарға байланысты енгізілуі мүмкін екендігін билік жоққа шығармайды», - дейді Әсел Назарбетова. Сарапшы Қазақстандағы коронавирус індетінің қазіргі күйіне, әлі де халықтың денсаулығына қауіптің сақталуына байланысты қабылданған шешімдерді құптады. «Атап айтсақ, облыстар арасындағы көлік қатынасына шектеулер, қоғамдық көліктердің жартылай жүктемемен жүруі, жолаушылардың бетперде тағуы талап етілуі, көшеде топтасып жүру 3 адамнан аспауы, мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі індеттің екінші кезеңінің басталмауына тосқауыл болатын шаралар. Бұдан бөлек Мемлекет басшысының сөзінде елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға байланысты өте өзекті мәселелер қарастырылды. Ендігі кезекте аталған мәселелер экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия шеңберінде жүзеге асырылатын болады», - деді Әсел Назарбетова.

Басылымдар