Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Әсел Назарбетова, https://www.inform.kz/kz/tamyzda-elimizde-zhosparly-medicinalyk-komek-korsetu-zhumystary-zhandanady-kszi_a3677163?fbclid=IwAR0l--QASxoqKVYFkrbCqFYCTcCLtf79-xdTRerKailYLF_aKedhDmGOihY

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың тамызынан бастап еліміздегі медициналық мекемелерде тұрғындарға жоспарлы медициналық көмек көрсету жұмыстары жанданады. Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтінің Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның пікірінше, 5 шілдеден енгізілген Қазақстандағы екінші карантин шаралары және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген нақты тапсырмаларының нәтижесінде елдегі пандемияға байланысты күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды біршама тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда COVID-19 жұқтырудың күнделікті өсімі 4% 2,1% дейін азайды. Сонымен қатар коронавирустан емделіп шыққандардың саны 63 % артты. Бұл өз кезегінде кезең-кезеңімен індет жағдайының төмендеу қарқынын көрсетеді. «Дегенмен карантин шараларын әлі де қатаң сақтау қажет, себебі COVID-19 әлем бойынша өршіп тұр, науқастар саны 16 млн. асты. Денсаулық сақтау министрлігінің және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын біріздендіру және жүйелендіру барысында мединицалық бетперделердің бағасы төмендеді, медицина саласы қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарының резерві қыркүйекке дейін қамтамасыз етілді, ПТР тестілері қосымша сатып алынды. Сондай-ақ тест қабылдайтын зертханалардың өткізу қуаты ұлғайды. Осы бағытта 59 мемлекеттік және жеке зертхана күніне 32 мың тест қабылдауда. 1 қыркүйекке дейін бұл межені 64 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жұмысқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты зертханалар да белсенді тартылуда»,-дейді Әсел Назарбетова Facebook парақшасында. Оның пікірінше, осы қабылданған кешенді шаралар медициналық көмектің сапасын арттырып, яғни медицина саласы қызметкерлерінің жүктемесін біршама төмендетуге қолайлы жағдайлар тудырды. Елдегі эпидемилогиялық ахуалдың тұрақтануы медициналық көмекке зәру азаматтарға емханалардың қолжетімділігін қамтамасыз етті. Провизорлық және инфекциялық стационардағы гауқастар саны 40% азайған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес COVID-19 және пневмониямен ауырған науқастарға арналған төсек орын қоры 30,4 мыңнан 52,1 мыңға өсті. Бұдан бөлек өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 3 399 мобильді топ жасақталды, оның 1 693 ауылдық жерлерде, өңірлерде арнайы дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорлары қалыптасты, дәрілік заттарды сертификаттау рәсімдері де жеңілдетілді. «Айта кететін жайт, тамыздан бастап медициналық мекемелерде тұрғындарға жоспарлы медициналық көмек көрсету жұмыстары жанданады. Мұның бәрі халықтың денсаулығын қорғауға, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар. Осы бағытта азаматтық қоғамның белсенділігін, әрбір азаматтың жауапкершілігін айта кеткен жөн»,-дейді ғалым.

Басылымдар