Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Асара Мұқанова, http://lenta.inform.kz/kz/nur-otan-oz-zhumysynda-gylymi-negizdelgen-usynymdarga-suyenedi-sarapshy_a3502320

«Нұр Отан» партиясының күн тәртібі мен қызметі партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қойған міндеттерге байланысты үнемі өзгеріп отырады. «Нұр Отан» партияның барлық мүшелерін жұмылдыра отырып, Мемлекет басшысының көптеген институционалдық реформа жобаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға белсене қатысады. Барлық реформаларды табысты жүзеге асыру факторларының бірі - нормативтік-құқықтық және заңнамалық базаны жетілдіру болып отыр. Бес институционалдық реформаның әрқайсысы бойынша «Нұр Отан» бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануы туралы бастама көтерді», - деді Асара Мұқанова.

Осылайша, партия «Баршаға арналған заманауи мемлекет» бірінші реформаны жүзеге асыру аясында мемлекеттік және өкілетті органдардың қызметіне жастардың қатысуын кеңейтуді, мемлекеттік қызметшілердің табысы мен мүлкін декларациялау мәселелерін реттеуді көздейтін заңнамалық ұсыныстар әзірледі.

«Тұрақты экономика» бағытында «Нұр Отан» бизнестегі мемлекеттің қатысуын заң жүзінде қысқартумен қамтамасыз ететін жаңа Іскерлік кодексті қабылдау бастамасын көтерді. «Ашық және есеп беретін мемлекет» реформасында партия «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заңдарына заңнамалық нормалар пакетін әзірледі», - деп толықтырды ол.

Сарапшы жағдайды жүйелі және жан-жақты талдаусыз, мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу мен бағалаусыз және қоғамдық қолдаусыз реформаларды табысты жүзеге асырудың мүмкін еместігін жеткізді.

«Сондықтан, «Нұр Отан» өз дамуының жаңа кезеңіне еніп, өз жұмысында сараптауға басымдық береді. Бүгінде шешімдерді әзірлеуде, партия саясатын өңірлерде іске асыруда және стратегиялық міндеттерді айқындағанда партия өзінің талдамалық құрылымдарының байсалды талдауына және ғылыми негізделген ұсынымдарына сүйенеді. Өңірлер мен тұтас елдегі жағдайды жан-жақты және жүйелі түрде талдау «Нұр Отанға» жаңа даму тенденцияларын қалыптастыруға және өзекті проблемалардың ұтымды шешімдерін ұсынуға мүмкіндік береді», - дейді Асара Мұқанова.

Басылымдар