Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Марат Жұмағұлов, https://www.inform.kz/kz/konstituciya-kogamnyn-negizgi-tiregin-nygaytady-marat-zhumagulov_a3687100

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конституция қоғамның негізгі тірегін нығайтады. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы Марат Жұмағұлов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын атап өткен кезде оның оң тәжірибесін қарастырып әрі байыта отырып, конституциялық-құқықтық саладағы құқықтық институттардың пәрменділігін сараптау қажет. Ол өзінің құқықтық дамуын, Ата заңымыздың әлеуетін одан ар пайдалану бойынша шаралар әзірлеуді талап етеді», - деді ол.

Оның айтуынша, Конституция жалпықамтымды заң ретінде қоғам мен мемлекеттің, адам құқығының, орталық және аумақтық мемлекеттік органдар жүйесінің негізгі тірегін бекітеді.

«Конституция мазмұнындағы маңызды құқықтық институттардан жергілікті өзін-өзі басқару институтын бөле қарастыруға болады. 89-бабы 2-тармағына сәйкес, Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады», - деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, бір жағынан өзін-өзі басқару органдары ел басқарудың бірыңғай жүйесімен ықпалдастырылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі заңдар мен өзге де құқықтық актілер арқылы қолданыста болатын аппараты бар және бюджет қалыптастыруға қатысады. Мәселен, ҚР Бюджет кодексінің 52-1-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер болып табылады.

Екінші жағынан жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғамның маңызды элементі, жекелеген қоғамдастықтардың саяси өзін-өзі ұйымдастыру формасы саналады.

 

Басылымдар