Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Мадина Бектенова, https://www.inform.kz/kz/totenshe-zhagday-rezhimi-ayaktalganymen-indetti-zhendik-dep-aytuga-ali-erte-madina-bektenova_a3648693?fbclid=IwAR1lZdiD-a6hiILTtFjPPXBfydzchkSvzQLw0smwBJFMx5_gjDc2kFOjnN0

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізіп, қазақстандықтардың асыға күткен мәлімдемесін жасады.

Белгілі болғандай, еліміз індеттің шарықтау шегінен өтті және көптеген саланың қызметі қалпына келе бастайды. Дегенмен кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Осыған орай карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, індетті толығымен жеңдік деп айту әлі ерте. Бүгінде бүкіл әлем коронавирус пандемиясының таралуы және оның салдарларына қарсы күресті жалғастыруда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, дүние жүзі бойынша 200-ден аса елде 4,1 миллионнан астам адам коронавирус індетін жұқтырған. Індеттің таралу қарқынының төмендеуі жөнінде жариялаған Оңтүстік Корея, Германия елдерінде вирусты жұқтырғандар санының қайта өсуі тіркелуде. Ал Франция парламенты төтенше санитарлық жағдай режимін 10 шілдеге дейін созуға шешім қабылдады. Осының бәрі COVID-19 пандемиясы халықтың денсаулығына әлі де қауіпті екенің аңғартады. Сондықтан карантин шараларын жеңілдету барысында әр азаматымыз өзінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуы және барлық мекемелерде, көлік пен кәсіпорындарда санитарлық талаптардың сақталуы аса маңызды болып тұр. Қазіргі жағдай көрсетіп отырғандай, мемлекеттің стратегиясы мен қабылданып отырған жедел шаралар тиімділігін көрсетуде. Басқарудың барлық салаларында мемлекет пен қоғам өмірін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-әрекет жүйесі жолға қойылған. Мемлекет басшылығы белгілеген іс қимылдың нақты алгоритмінің арқасында коронавирус індетінің Қазақстанға таралу қарқыны бәсеңдетілді. Мемлекеттің экономика саласында, әлеуметтік қолдау көрсету бағытында дағдарысқа қарсы жүзеге асырып жатқан ауқымды шаралар да осы қиын уақытты абыроймен атқару жолында үлкен демеу екені анық. Дегенмен әлем бойынша ұзаққа созылатын экономикалық дағдарыс, рецессия мәселесі барлық мемлекеттер үшін күн тәртібінде тұр. Өз мәлімдемесінде Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыс кезіндегі және одан кейін елімізде бұл бағытта атқарылатын нақты жұмыстарды, ары қарай дамудың басымдықтары мен жүзеге асыру жолдарына ерекше тоқталып кетті. Азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға бағытталған Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың да әзірленіп жатқанын айтты. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатыны да өте маңызды шешім. Алда үлкен, жүйелі жұмыстың тұрғаны анық. Пандемияға байланысты орын алған дағдарыс бүкіл әлемге, сондай-ақ Қазақстанға медицина, білім беру, әлеуметтік салаларды дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Елде төтенше жағдайдың алғашқы мерзімінде осы салалардағы ұйымдастыру жұмыстары, технологиялық жабдықтандыру мәселелері бойынша олқылықтардың да болғаны белгілі. Осы орайда денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыру бойынша, әсіресе инфекциялық бақылау, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету бағыттарында түбегейлі өзгерістердің қажеттілігі туындады. Бұл арада Мемлекет басшысы Үкіметке белді ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңесті құру қажеттігі туралы ой салды. Жаңа талаптарға сәйкес адамзат қашықтан оқу, жұмыс істеу, сауда-саттық жүргізу қажеттілігіне тап болды. Соңғы екі ай ішінде біздің қоғам да осы үдеріске үйренісіп келеді. Пандемиядан кейінгі болашағымызда бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп жаңа ыңғайлар мен үрдістерді жүзеге асыру жұмысын қолға алу керек екені айдан анық. Президенттің мәлімдемесінде бұл шаралар кеңінен айқындалған. Қазіргі ахуалда анықталған кемшіліктер пен барлық қажетті шаралар 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жаңа нұсқасында ескерілу маңыздылығы көрсетілген. Ол әсіресе экономиканы және мемлекетті басқару ісін барынша жандандыратын институционалдық және құрылымдық реформаларға байланысты. Сондай-ақ білім беру, электронды үкімет, мемлекеттік басқару, қоғамға қызмет көрсету жүйелерін заманауи талаптарға сай цифрландыру, технологиялық тұрғыдан дамыту, қашықтан жұмыс істеу форматтарына өткізу бойынша жұмыстардың да тез арада жолға қойылуы кезек күттірмес мәселелер қатарында. Мемлекет басшысы қандай күрделі кезең болмасын, елімізде халықтың жағдайы, әр азаматтың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты құндылықтар екенін айтып келеді. Жаңа шынайылықта оны дұрыс түсініп, жаңа форматтарда жұмыс істеуді қолға алу маңызды.

Басылымдар