Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Айдана Акесина, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зертетулер бөлімінің ғылыми қызметкері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Асқар Мамин төрағалық ететін Мемлекеттік комиссия елімізде Covid-19 ауруының көбеюіне байланысты 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Шектеулер сұлулық салондарының, шаштараздардың, спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың, жағажайлардың, аквапарктардың, мәдени нысандар және инфекция жұқтыру қаупі бар басқа да қызметтердің жұмысы енгізіледі.

Жаңа шектеу шаралардың міндеті – вирустың таралу сызығын өзгерту арқылы оның шарықтау шегінің деңгейін төмендету.

Шектеу шараларын қайта бастау шағын кәсіпкерліктің жекелеген түрлерінің белсенділігін сақтай отырып, инфекцияның таралуын баяулатуға мүмкіндік береді. Мысалы, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклы бар құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді, ауылшаруашылық, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары жалғасады, сонымен қатар басқа да қызмет түрлері өз жұмысын жалғастыра береді.

Карантин шараларын қатайту елде күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыруды да білдіреді.

Бүгінгі таңда індеттің аймақтық ошақтары АҚШ, Германия, Ұлыбритания сияқты көптеген әлем елдерінде, ал ТМД елдері ішінде – Украинада, Арменияда және басқаларында байқалады. Көптеген мемлекеттер үшін негізгі қиындық халық арасында асимптоматикалық вирус тасымалдаушылар санын анықтау болып табылады, өйткені бұл көрсеткіш өте жоғары болуы мүмкін.

Британдық және итальяндық сарапшылардың пайымдауынша, вирустың өте жоғары жұқпалы қасиетіне байланысты орта есеппен әр 7,2 күн сайын жаңа адамдарға таратылады. Сондықтан да, карантиндік шаралардың тез арада енгізілуі азаматтардың өмірін сақтап қалу және уақтылы, толыққанды медициналық көмектің тиімділігін арттырады.

Басылымдар