Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Болат Әуелбаев, https://www.facebook.com/ISS.Kazakhstan/posts/2905221186220449

10 сәуір күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында негізгі проблемалар мен оларды тез арада шешу жолдарын нақты белгілеп берді.
Бірінші кезекте, елде төтенше жағдай мен карантиннің сәуір айының соңына дейін ұзартылатыны туралы жарияланды. Бұл оңтайлы шешім емес, бірақ қажетті шара. Мемлекет басшысы мұны тікелей және ашық айтты.
Бүгін пандемияға қарсы іс-қимылдың алдыңғы шебінде тұрған медицина қызметкерлерінің рөлі атап өтілді. Қазіргі уақытта 30 мыңға жуық медицина қызметкері коронавируспен ауырған науқастармен тікелей жұмыс істейді. Сонымен қатар, басқалары да қауіп-қатердің жоғары аймақта қызмет етіп жүр. Олардың барлығы адамдар денсаулығы үшін өз өмірлерін тікелей қауіпке тіккен.
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың бір апта бұрынғы ақпаратына сәйкес 120 медицина қызметкері вирус жұқтырған. Егер де 6 сәуірде барлығы 662 адам ауруды жұқтырғанын ескерсек, аурулардың әр алтыншысы өз медициналық міндеттерін атқарды. Бүгін, статистика өзгерген шығар, және ол жағымды болмауы да мүмкін.
Күн сайын коронавирус сынағы алынған адамдардың саны өсуде. Пандемияның жоғарғы шегі әлі өткен жоқ. Мұндай жағдайда жауапкершіліктің ауыртпалығы ең алдымен медицина қызметкерлеріне жүктеледі. Бірақ басқа амал жоқ. Эпидемиологиялық жағдайды тек кәсіби тәсіл ғана жақсарта алады.
Мемлекет басшысы дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлерінің жанқиярлық еңбектерін атап өтті. Ол қызметкерлерді материалдық ынталандыру , сондай-ақ медициналық кадрларды қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шараларды қатаң бақылау қажеттігі туралы дұрыс шешім қабылдады.
Алайда, қалыптасқан ахуал отандық денсаулық сақтау саласындағы бірқатар қиындықтарының басын ашты. Дәрігер мамандығы әлі де сұранысқа ие. Бұған медициналық жоғары оқу орындарындағы қабылдау баллының жоғары болуы мысал болады.
Бірақ бұл жұмыстың беделі түсіп келеді. Біріншіден, жауапкершіліктің деңгейімен салыстырғанда еңбекақының төмендігі; екіншіден, халықтың медициналық қызметке теріс қатынасы; үшіншіден, медициналық мекемелердің тиімсіз ұйымдастырылуы.
Аталынған барлық факторлар өзара байланысты. Әрбір адам, бір рет болса да емханалардағы азапты кезекті бастан өткерген шығар. Сонымен бірге, көпшілігіміз «сыйлыққа жол жоқ» деп жазылған плакаттарды да көрдік, ал егер дәрігер өзінің қабылдау уақыты аяқталғанын ескертсе, оған деген наразылыққа да куә болдық. Мұндай жағдайлар тым көп.
Қолданыстағы жүйенің өзі медицина қызметкерлерін қорлайтын жағдайға итермелейді. Жалпы, қарапайым дәрігер күнделікті өзінің кәсіби қызметіне байланысты күйзелісті ғана емес, сонымен қатар әкімшілік пен тұрғындардың психологиялық қысымын да бастан кешіреді.
Қазіргі уақытта, отандық денсаулық сақтау, өзінің маргиналды жағдайының құрбанына айналды. Медицина патерналистік қағидаттарға негізделіп, дәрігердің сөзі заңды деп қабылданатын кезең өтіп, бұл саланың жұмысшылары өздерінің бұрынғы әлеуметтік дәрежесінен айрылды.
Екінші жағынан, біздің қазіргі медицина жауапкершіліктің мөлшері тек емдеуші дәрігерге ғана байланысты емес, сонымен қатар оны пациент мойындайтын және бөлісетін серіктестік те бола алмады.
Қазір қазақстандық дәрігер кеңсе қызметкері немесе қызмет көрсету саласындағы қызметкерге айналды. Нақтырақ айтсақ – бюджет саласының қызметкері. Капиталистік қоғамның денесіндегі әлеуметтік балластың өкілі.
Сондықтан ол қазір бәріне міндетті. Бұған пандемияның таралуы мен карантинді бұзу мысал бола алады. Бірақ дәрігер барлық қиындықтарға қарамастан, адамдарға қызмет етеді, ол өзіне тиесілі емес. Себебі бұл салада мамандығыңа шын берілусіз жұмыс істеу өте қиын. Бұл мүмкін емес. Бірақ қоғам да дәрігерлік парыз сезімін шексіз пайдалана алмайды.
Тұтастай алғанда, бұны әлемдегі қазіргі заманауи жағдай да айқын байқатады. Ол адам үшін қай жер қауіпсіз, қиын сәтте кім көмектесе алады және кіммен бірге барлық сынақтардан өте алатынын ойландырды. Ол өз қоғамы мен дәстүрінен тыс, өз елінен алыс жерде соншалықты бақытты ма, бейқам ба?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғаммен ашық және адал диалог жүргізуде. Ол елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайдан туындаған қиындықтарды нақты ашып көрсетті.
Осыған байланысты карантин мерзімін ұзарту қажет және теңгерімді шешім болып табылады. Вирус жұқтырған адамдар саны тез өсуде. Бұл бірқатар көрші елдерде, Еуропа мен Америкада да байқалады.
Карантин режимін ұзартпай, біздің қауіпсіздігімізге төнетін қауіп-қатерлер деңгейі күрт артуы мүмкін. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің жеке қауіпсіздік пен оқшаулаудың барлық шараларын сақтау туралы үндеулеріне құлақ асу керек.

Басылымдар