Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Зарема Шәукенова, https://egemen.kz/article/224623-elin-suyudinh-eren-ulgisi

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заманауи Қазақстанның негізін қалап, көшін түзеу миссиясы маңдайына бұйырған теңдессіз тұлға. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев туралы көп жазылды, әлі де жазыла бермек. Оның жаңа Қазақстан тарихындағы тағдыршешті рөлі, тұлғасының кең ауқымы, айрықша қасиеттері, Отан алдындағы, халық жадындағы ерен еңбегі хақында аз айтылған жоқ. Десек те, осы ерлік жылнамасында дараланып тұратын айтулы даталар бар, олар – 1989 жылдың 22 маусымы, 1991 жылдың 1 желтоқсаны мен
2019 жылдың 19 наурызы.

Себебі 1989 жылғы 22 маусымда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Ком­пар­тиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болып бекітілді. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауын­да сайлаушылардың 98,7%-ы Н.Ә.Назарбаевқа дауыс берген болатын. Дәл осылай, Қазақстан халқы тәуелсіз­дік елең-алаңында тағдырлы шеші­мін жасады. 2019 жылғы 19 наурыз­дағы Қазақстан халқына арнаған тарихи үндеуінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы «Халқым маған тәуелсіз Қазақ­станның Тұңғыш Прези­денті болу мүмкіндігін берді», деп толғаныспен еске алған еді.

Мемлекетіміз үшін маңызды тарихи сәттерде Президенттің ел халқына үндеу арнауы – дәстүрлі үрдіс. Дегенмен өткен жылдың наурызындағы халыққа үндеуі ерекше болғаны рас. Себебі осы күні Елбасы өзінің президенттік өкілеттігін тоқтатқанын жариялады. Осы тарихи сөзінде елдік пен бірлік, сенім мен құрмет туралы әр азаматпен жеке тілдескендей әсерде болдық. «Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін. Осындай қолдаудың арқасында сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім». Бұл – біздің халқымыздың және оның даналығының даралығына деген қалтқысыз сенім, Тұңғыш Пре­зи­дентіміздің айрықша қасиеті. Тәуелсіз еліміздің жетістіктеріне тоқталғанда ол «Осының бәрін сіздермен бірге жасадық, құрметті қазақстандықтар», деп екпін түсіре айтқаны есімізде.

Мемлекет пен қоғамды түбе­гейлі өзгерту процесін басқарып, ба­ғыт­­тауға бел буған саяси көш­бас­­шы­ның мойнындағы жауап­кер­ші­лік жүгі салмақты болмақ. Осын­дай тарихи миссияны арқа­лаған Ел­басы тұрақтылықтың сенім­ді кепі­ліне, күрделі саяси, эко­но­микалық және әлеуметтік жаңа­руды жүзе­ге асыруға, еліміз­дің әлем­дік қо­ғам­дас­тық тарапынан мо­йын­да­луы­на жол ашқан Қазақ­стан мем­ле­кет­тілігінің тірегіне айналды. Со­ны­мен бірге халықаралық дең­гей­де Қазақстан мен Нұрсұлтан Назар­баев есімінің арасында ажырамас ассоциациялық байланыс орнады.

Бүгінде тәуелсіздік жылдары дүниеге келген екінші буын ұрпақ өсіп келеді. Оларға ғана емес, кей­де аға буынға да егемендік тұ­сын­да орын алған өзгерістер ауқы­мын бағамдау қиынға со­ғып жатады. Отыз жылдай уақыт бұрын қазақ­стандықтар өз тарихын­дағы аса бір ауыр кезеңді басынан өткерді. Ке­ңес Одағының құлауымен өнді­ріс­тің басым бөлігі тұралап, мил­лион­даған адам жұмыссыз қалды, бола­шаққа деген сенім үзілді, азық-түлік карточкамен ғана беріліп тұр­ды. Ал көрші мемлекеттерде этнос­аралық қақтығыстар, тіпті азамат­тық соғыстар өршіп кеткен еді.

Міне, үш онжылдық ішінде Қазақ­стан – экономикасы қар­қын­ды дамып келе жатқан мем­­лекет ретінде танылды әрі халық­аралық қатынастардың бедел­ді қатысушысы қатарынан көрін­ді. Тұңғыш Президенттің көшбас­шылығымен еліміз қиындықтарды сенімді еңсеріп, алдына асқаралы мақсаттар қою арқылы ілгері адымдап келеді.

Уақыт атмосферасын сезіну – сая­саткердің уақтылы шешімдер қабыл­дауына мүмкіндік беретін маңызды қасиет. Қадым замандар бұрын Сенека айтқандай, істің ірілігі ауқымымен емес, уақтылы жүзеге асуымен құнды.

Уақыттың алдына түсу, қалып­тасуы мүмкін тенденцияларды тани білу қасиеттері Н.Ә.Назарбаев­тың талай мәрте қоғамдық психология дамуын сезініп, бағыттап отыруы­на мүмкіндік берді. Жалаң ұран­дарға ілеспей (көбінесе популистер арқа сүйейтін, бірақ түбінде олардың стратегиялық жеңілісіне айналатын үрдіс), керек жерінде ел мүддесі үшін қарсылық көрсету Елбасыға тән. Ол әрдайым дамуға кедергі болып, шектеу қоятын қоғамдық стереотиптер мен инерцияны өзгертуге тырысады. Себебі азаматтардың көңіл күйін дөп басу ылғи олардың қолдауына ие болатын шаралар қабылдау дегенді білдірмесе керек. Кейде, әлбетте танымал емес шешімдер қабылдауға тура келе­ді, болашақтағы стратегиялық жеңіс­тер үшін мезеттік, тактикалық же­ңі­ліс­терге баруға мәжбүр бола-
сың.

Елбасы бір сұхбатында «Нағыз көшбасшы үшін қиындық сол, сен үнемі болашақты көздейсің. Сен басшысың, қосшы емессің. Көштің басында тұрғандықтан, елді қайда бастап келе жатқаныңды білуің керек... Президентке шешім қабылдау керек және сол шешімі үшін жауап беруі тиіс», деген еді. Осындайда Уинстон Черчилльдің «Даңқтың құны – жауапкершілік» деген сөзі ойға оралады. Еліміздің Тұңғыш Президенті өзінің айрық­ша ел басқару талантымен қазіргі таңда әлемнің айтулы лидерлерінің қатарынан берік орын алған. Ол жауапкершіліктің зіл батпан сал­­мағын көтеріп халқына өмір бойы қалтқысыз қызмет ету­дің өнегелі үлгісін көрсетті. Осы ар­қылы Елбасы халқының айрық­ша ықылас-құрметіне бөлен­ді. Оның дәлелі, 2008-2009 жыл­дар­дағы дағдарыс кезеңінің өзінде әлеуметтік мониторингтер Нұрсұл­тан Назарбаевтың рейтингі 85%-дан төмен түспегенін көрсетті.

Президенттің Қазақстан хал­қына Жолдау жасау тәжірибесі 1997 жылы енгізілген болатын. Со­дан бері бұл маңызды саяси оқиғаға айнал­ды. Нұрсұлтан Назарбаевтың әр Жол­дауы өзіндік саяси мәні бар, елді қанат­тандырып, үлкен іске жұмылдыра алатын күшке ие.

Миллиондаған азамат Елба­сы­ның 2019 жылғы 19 наурыз­дағы Үндеуінен маңызды бір бағ­дарламалық мәлімдеме күткендей еді. Бірақ Елбасының сөз­дерін естіп отырған жұрт бір сәтке аң­та­рылып қалды. Нұрсұлтан Назар­баевтың өзінің президенттік өкілет­тігін тоқтату туралы шешімін халық толғаныспен, күйзеліспен қабылдады, көзіне жас алғандар да аз болған жоқ.

Қаншалықты тосын көрінгеніне қара­мастан, бұл уақыт талабына сай қа­былданған, Тұңғыш Президенттің терең даналығын, болаттай берік жігерін көрсеткен шешім болды. Қазақстан хал­қына Үндеуінде Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің бір орнында тұрмайтынын, жа­ңа қауіп-қатерлермен қоса жаңа мүм­кіндіктер туындайтынын тегін айтқан жоқ: «Мен және менің замандас­тарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Оның нәтижелері өз­деріңізге белгілі. Әлем өзгеріп, жаңа буын келеді. Бұл – табиғи процесс. Олар өз зама­нының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ елі­мізді одан әрі өркендету үшін бар күш-жіге­рін жұмылдыруға тиіс».

Сонымен қатар Елбасы Қазақ­станның одан әрі тиімді дамуының негізі таңдалған саяси бағдардың сабақ­тастығын сақтауда жатқанын баса айтты. «Қазақстандағы билік сабақ­тастығы конституция­лық тұрғы­дан рет­телген. Прези­денттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқ­татылған жағ­дайда оның өкі­­леттігі қалған мерзімі аяқ­талғанға дейін Сенат Төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады» дегені сөзімізге дәлел.

Қ.К.Тоқаев туралы айтқанда Н.Ә.Назарбаев «Қасым-Жо­март Кемел­ұлы Қазақстанды бас­қаруға нағыз лайықты азамат деп сене­мін» деген болатын. Ке­йі­ні­­рек Елбасы Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы Президентінің мерзі­мінен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатура­сын қолдайтынын білдірді. Қазақ­­стан­дықтарға Қасым-Жомарт Кемел­ұлының аса жоғары деңгейлі кә­сіби дайындығы бар, азаматтық қасиеттері құрметке лайық тұлға екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сайлауалды бағдар­ла­масында елімізді табысқа және әлемдік беделге жеткізген Тұң­ғыш Президенттің бағдары бұл­жымай жалғасатынын айтты. Осы бағытта Президент Елбасы­ның ауқымды мұрасын еселеу ар­қылы елімізді көркейте түсуге күш салып, оның саяси тілегін іске асырмақ.

Ойымызды түйіндеп жеткізсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев – ин­тел­лек­туалдық инновацияны дәс­түр­мен, беделімен, өмірлік дана­лы­ғымен әрі са­ламатты прагматизм­мен шебер сабақ­тас­тыра білген саяси көшбасшының үлгісі. Сол себепті, оның саяси және эконо­ми­­ка­лық жобалары сәтті жүзеге асты.

Ол елді дағдарыстан шығару­дың тиімді жолын қапысыз тауып, оның дамуы үшін тоқтаусыз қызмет ететін жүйе қалыптастыру арқылы жаңа мемлекетті құрды және оны аса жоғары деңгейдегі саясаткер ретінде басшылардың жаңа толқынына тапсыра білді.

Басылымдар