Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Зарема Шәукенова, https://egemen.kz/article/234358-saqtyq-sharalaryn-dgalghastyra-beru-qadget

Сонымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесінде айтылған оқиға орын алды. Дәлірек айтсақ, 11 мамырда төтенше жағдай алынып тасталды. Алайда қоғамдық қауіпсіздік үшін карантин режіміне байланысты шараларды сақтау өте маңызды.

Қ.Тоқаев қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралады деген үміт білдірді. Төтенше жағдай режімінің аяқталуын бәріміз асыға күткенімізді айтудың да қажеті жоқ шығар.

Француз жазушысы және әскери ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери өзінің «Адамдар жері» (1939 ж.) атты еңбегінде: «Нағыз байлық, бұл – адамдар арасындағы қарым-қатынас», деп жазған. Қазақстандағы төтенше жағдайдың 50 күннен астам уақытқа созылу кезеңінде, атақты француздың әлгі дәйексөзінің дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетті... Туыстарымызбен, достарымызбен, көршілерімізбен, әріптестерімізбен, COVID-19-ға дейін күнделікті қарым-қатынаста болған барлық адаммен көзбе-көз жүздессек деген тілек санамызды жаулап алды. Өйткені Zoom, скайп, телефон бізге қашықтан, алыс­тан байланысуға мүмкіндік бергенмен, адаммен тікелей қарым-қатынас жасауды алмастыра алмады.

Оқшаулану отбасылық қарым-қатынас беріктігінің, стреске қарсы тұ­ру­дың, өзіңнің және басқаның өмірі үшін жауапкершіліктің, ережелер­ге бағынудың, дүрбелеңге бой алдыр­мау және оны таратпаудың күрде­лі сынағына айналды. Біздің әрқайсы­мызда карантин кезінде бастан өт­керген психологиялық сынақтары­мыз­дың, жоғалтқандарымыз бен табыс­та­ры­мыздың өзіндік тізімі, ерекше тәжірибесі бар деп ойлаймын.

Мемлекет басшысының 19 наурыз­дағы төтенше жағдайды енгізу және одан әрі ұзарту туралы шешімдерінің себебімен біз әлемде жасай алмаған маңызды нәтижеге қол жеткіздік, яғни қауіпті вирустың таралу жылдамдығын азайттық.

Қазақстанда ауқымды жұмыс атқа­рылуының, бұрын-соңды болмаған ұйымдастырушылық, қаржылық шаралар қабылдануының, адами ресурстар мен азаматтардың қолдауының арқа­сында төтенше жағдайды 11 мамырда тоқ­тату жоспарланған еді. Міне, бұл жүзеге асырылды.

Біздің азаматтарымыздың, дәрігер­леріміздің өмірі мен денсаулығының өтеуімен, алапат күш-жігердің арқа­сында ауыздықталған COVID-19-дың бұдан әрі таралуына ешқандай мүм­кіндік берілмеуі үшін барлығын жасау керек. Біз не істеу керектігін жақсы үйреніп алдық: бетперде кию, жұмыс орнын дезинфекциялау, қолды жуу, әлеуметтік қашықтықты, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде сақтау, бар­лық туысты аралауды, кең-байтақ еліміздің барлық қалалары мен ауылдарынан ағайын-туысты жинауды шектеу. Бізге төтенше жағдайдан шығудың төте жолы карантин шараларын қатаң сақтау болды.

Әрине, төтенше жағдай кезінде талап­тарға күмәнмен қараған және олар­ды түрлі жолдармен бұзған жандар кездесті. Осы орайда, әкімшілік мәж­бүрлеу, әлеуметтік айыптау және басқа адамдардың өмірі мен денсау­лы­ғына немқұрайдылықпен қарайтын адамдарға мүлдем төзбеушілік таныту біздің жаңа жағдайдағы өміріміздің маңызды бөлігі болуы керек.

Карантин сөзі бастапқыда «қы­рық күннен тұратын уақыт» дегенді біл­діретінін енді көпшілік біледі (итал. quaranta giorni – «қырық күн»). Алайда карантин кезеңдері әртүрлі және ол бұдан аз немесе әлдеқайда көп болуы мүмкін. Ал зұлым COVID-19 жағ­дайында, әлі де біраз белгісіз мерзімде, дәлірек айтсақ қанша қажет болса, сонша уақыт барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет.

Басылымдар