Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Алуа Жолдыбалина, https://www.facebook.com/ISS.Kazakhstan/posts/3737049443037615

2021 жылдың 10 қаңтарында сайлауда жеңген партиялар Парламент Мәжілісіндегі өз жұмыстарын бастағанына шамамен 1 ай уақыт болды. Партиялар келесі 5 жылдықта сайлауалды кампаниясында жария еткен сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асу жолдары мен тетіктерін фракция отырыстарында талқылап, бекітуі тиіс. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясы өз жұмысын бастады.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысында Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасын Үкімет мүшелерінің қатысуымен депутаттармен бірлесіп кеңінен талқылады.

Кез келген жобаның, оның ішінде сайлауалды бағдарламасын үлкен жоба ретінде қарастырсақ, сәтті жүзеге асуы үшін нақты мониторинг пен бақылау жүйесі, индикаторлар мен көрсеткіштер жиынтығы қажет. Осы орайда «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Н. Нығматулин отырыста сайлауалды бағдарламасының Жол картасының әр тармағын қадағалау керек деп ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, фракциясы жетекшісі Н. Нығматулин депутаттар Жол картасының әр тармағын жүзеге асуы бойынша өз жұмысында басшылыққа алуы тиіс мониторинг және бақылау жүйесіне ерекше мән берді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасының жүзеге асуының мониторинг жүйесі келесідей қадамдарды қамтитын болды:

біріншіден, Жол картасының тиімді жүзеге асуын қадағалау үш жақты координатор бекітілді, яғни Үкімет, фракция және партия тарапынан әрбір тармақтың жүзеге асуын күнделікті өз назарында ұстайтын тұлғалар бекітілді;

екіншіден, әрбір ақпан алдағы жылы жүзеге асқан Жол картасының әрбір тармағы бойынша көрсеткіштер мен мәліметтер жинақталып, фракция отырысында талқыланатын болады;

үшіншіден, сонымен қатар профильді комитеттер Жол картасының тиісті тармақтарын өз бағытына сәйкес бөліп, өз қадағалауы мен бақылауын жүзеге асыруы тиіс;

төртіншіден, Жол картасының әрбір тармағының жүзеге асуы үшін депутаттар арасынан куратор тағайындалады, яғни әрбір депутат нақты өз бақылауына алып, жұмыс жүргізеді деген сөз;

бесіншіден, фракциясы жетекшісі Н. Нығматулин бекітілген тармақтар бойынша жауапты әрбір депутат әрбір тоқсан сайын өзінің профильді комитет алдында есеп беріп, мониторинг пен бақылау жұмысы «нон-стоп» тәртіпте болуы тиіс екендігіне депутаттардың ерекше назарын аударды.

Жалпы, фракция отырысында сайлауалды бағдарламасының 2025 жылға дейінгі Жол картасы әрбір ауылды, әрбір азаматты қамтығандықтан, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық бағыттарға жаңа серпін беруі үшін әрбір депутат өзіне тиесілі Жол картасының тармағының жүзеге асуын тұрақты әрі жүйелі бақылауында ұстап, назар аударғаны жөн деген ұстаным негізге алынды.

Басылымдар