Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Жанар Санхаева, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері

Бүгінгі таңда әлем COVID-2019 пандемиясының таралуына байланысты бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болды. Оқшаулау режимін жеңілдету үшін қабылданған шаралар көптеген отбасылар үшін қайғылы жағдайға айналғанын әлемдегі оқиғалар көрсетіп отыр. ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде COVID-2019 жұқтырғандардың саны күніне 164 мың адамға көбейіп, 10 млн 350 мыңнан астам адамды құрады. Қайтыс болғандар саны жарты миллионнан асты.

Егер Еуроодақ елдері пандемияның екінші толқынының басталу қауіпі туралы айтса, АҚШ және Бразилия сияқты елдерде инфекция жұқтырғандардың саны азаймай отыр. Аризона, Калифорния, Джорджия және Техас штаттарында күнделікті коронавирус жұқтырғандар санының рекордтық көрсеткіші тіркелуде. Нью-Йоркте жабық мейрамханалардың ашылуы кейінге шегеріліп, қатаң локдауннан шығу процесін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Швейцария сыртқы шекараларын ашқанына қарамастан, елге келген азаматтарға 10 күндік карантин енгізбекші. Ал Австралияның туризм министрі болса, ел шекаралары келесі жылға дейін жабық болуы туралы болжам жасап отыр. Осылайша, бүкіл әлем COVID-2019 таралуын болдырмау үшін белсенді шараларды қабылдауды жалғастыруда.

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік комиссияның шектеу шараларын енгізу туралы шешімі жарияланды, олардың қатарында адамдардың жабық үй-жайларда жиналуына тыйым салу да бар. Атап айтқанда, көптеген сауда және ойын-сауық орындары жұмыс істемейді. Қозғалысты шектеу бойынша шаралар қабылданды. Шет елден жаңа рейстердің ашылуын, сондай-ақ ел аумағындағы автобустар қызметін уақытша тоқтату маңызды шешім болып табылады. Жалпы, осы екі бағыттағы жұмыс әлемнің әртүрлі елдерінде пандемия таралуының үдемелі өсуін төмендетудің негізгі шаралары болып табылады. Егер елдегі эпидемиологиялық жағдай бұдан әрі нашарласа, шараларды қатайту жағы да қарастырылады.

Алайда, әлеуметтік қашықтықтану және бетперде режимінің ережелерін сақтау шаралары даусыз шарттардың бірі болып қала береді.

Басылымдар