Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Ақорда резиденциясында бірқатар мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. 

Мемлекет басшысына Бразилия Федеративтік Республикасының елшісі Рубем Антонио Корреа Барбоза, Оман Сұлтанатының елшісі Мұхаммед бен Абдулла бен Салих Әл-Бахрани, Корея Республикасының елшісі Ку Хонг-сок сенім грамоталарын тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық жұмыстарының басталуымен құттықтап, оларға табыс тіледі. 

– Сіздердің елдеріңізбен арадағы қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің мемлекеттеріңіздің басшыларына сәлем жолдаймын. Елдеріміз арасындағы өзара ықпалдастықтың одан әрі дамуына үлес қосасыздар деп сенемін. Сіздер бүкіл әлем пандемиядан зардап шегіп жатқан қиын-қыстау уақытта біздің елімізге келдіңіздер. Қазақстан бұл қауіпті дертті жеңу үшін дер кезінде шешім қабылдап жатыр. Бұл оңай жұмыс емес. Бірақ біз халықаралық ынтымақтастыққа арқа сүйейміз, БҰҰ-ның іс-әрекеттерін қолдаймыз. Сонымен қатар әлемдегі барлық ел күш біріктіре отырып, аталған дертті жеңеді деп үміттенеміз, – деді Президент.

Басылымдар