Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Ёсихидэ Сугаға аса жауапты лауазымға сайлануымен құттықтап жеделхат жолдады.

Жеделхатта жаңа Үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

«Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі салалардағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін», – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның Премьер-министрі Ёсихидэ Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихидэ Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тілеген.

Басылымдар