Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.

Басылымдар