Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылғы сауда жүйесінің даму қорытындылары, оның ішінде, сыртқы және ішкі сауданы кеңейту жөнінде қабылданған шаралар жайлы баяндалды.

Кездесу барысында жағымсыз өзгерістерге қарамастан, Қазақстанның шикізаттық емес экспортының оң динамикасын сақтап қалғаны айтылды. Президент қазақстандық өнімнің экспортқа шығару нарығын кеңейтудің және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Осы ретте біздің еліміз еуразиялық интеграцияны дамытуға, сауда кедергілерін жоюға және тауарлар мен қызметтердің еркін айналымын қамтамасыз етуге баса мән беріп отыр.

Ішкі сауда саласына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа ұлттық тауар өткізу жүйесін құру, нарықты отандық өніммен толықтыру үшін жағдай жасау және аталған сектордың орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды сапалы әрі жедел атқаруды міндеттеді. Жүйе Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдегі көтерме-тарату орталықтары желісінен тұратын еуразиялық тауар өткізу желісінің негізі болуға тиіс.

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министріне отандық өнімді шығаратын нарықтарды кеңейту мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде және үшінші елдермен кооперациялық жобаларға қатысу үшін Қазақстанның сауда-логистикалық әлеуетін нығайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Басылымдар