Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

Қазақстан мен Иранның «ақыл-ой орталықтары» Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Биылғы жылдың 14 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Иран Ислам Республикасы Саяси және халықаралық зерттеулер институтының (IPIS) басшылығымен кездесу өтті.

Кездесуге ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин, директордың орынбасарлары Ботагөз Рақышева, Санат Көшкімбаев, ғалым хатшы Қазбек Исаев, ғылыми қызметкерлер Ескендір Ақылбаев пен Әмина Үрпековалар қатысты. Иран делегациясын IPIS директоры Сейед Мохаммед Казем Саджатпур мен Орталық Азия елдері бойынша зерттеулер тобының басшысы Мохсен Пакпарвар бастап келді.

Диалог барысында тараптар екіжақты қатынастарды нығайтудың маңызы, өңірлік және халықаралық мәселелер, сондай-ақ ҚСЗИ мен IPIS арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері жөнінде ой пікірлермен алмасты.

Кездесу соңында ҚСЗИ мен IPIS арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Аталған құжат ғылыми-зерттеу қызметінде ҚСЗИ мен IPIS арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу негізінде тәжірибе алмасуға, жаңа халықаралық ғылыми ынтымақтастық нысандарын дамытуға бағытталған.

Иран Ислам Республикасы Саяси және халықаралық зерттеулер институты 1983 жылы құрылған, Үкімет жанындағы белді «ақыл-ой орталықтарының» бірі. Институттың негізгі қызметі Ираннның сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді ғылыми-зерттеу, сараптау болып табылады.