Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

Константин Сыроежкин Қытай Халық Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күресу тәсілдері туралы айтты

16 қыркүйек күні Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен осы институттың бас ғылыми қызметкері, белгілі қытайтанушы ғалым Констанстин Сыроежкиннің «Жолбарысты аулау: Қытай коррупциямен неге және қалай күресті» монографиясының тұсаукесері өтті.

Өз кезегінде сөз алған К. Сыроежкин әлемнің көптеген дамыған елдерімен қатар Қытайдың да қазіргі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі жемқорлықпен күрес, сондай-ақ мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру болып отырғандығын айтты. Осыған Қытайдың байланысты билік жемқорлықпен күресті табысты жүргізе отырды.

Бұл еңбекте жемқорлықпен күрес жөніндегі идеологиялық науқанның жүзеге асырылуы мен ерекшелігі жан-жақты талданып, Қытайдың қазіргі әлеуметтік-саяси ахуалын жаңғырту (қалай жүргізілуде, қол жеткізген нәтижелері қандай, Қытайдың саяси келешегіне қалай әсер етпек) мәселелері қарастырылған.

Шараға отандық ғылыми-зерттеу институттардың жетекші сарапшылары, мемлекеттік және тәуелсіз талдау-сараптау құрылымдарының өкілдері, ЖОО оқытушылары, елшілік корпус, үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктер өкілдері қатысты.