Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму

 Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі.

ҚСЗ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сарапшылар кездесуін жалғастыруда

 

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Тәуелсіздіктің 25 жылында әр салада жеткен жетістіктері мен қорытындыларын талқылауға арналған арнайы жобаның шеңберінде кезекті сарапшылар кездесуін өткізді.

Жобаның мақсаты – іске асырылған реформалар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ сарашылармен кері байланыс механизмін қалыптастыру.

Биылғы жылдың 23 қараша күні ҚР-ның Ақпарат және коммуникациялар министрі  Дәурен Абаевпен кездесу өтті.

25 жыл ішінде Қазақстанның дамуы туралы қорытынды жасаған Министр елімізде осы жылдар аралығында заманауи және бәсекеге қабілетті ақпараттық-коммуникациялық сала қалыптасқанын атап өтті. Оның ішінде, телекоммуникацияның барлық желісі сандық сапаға көшірілді, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды. Сондай-ақ Д. Абаев «электрондық үкімет» даму индексіне сәйкес Қазақстан 193 елдің арасында 33-орынды иеленгенін айтты. 

Пікірсайысқа отандық белгілі сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.