Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

ҚСЗИ 2017 жылы Орталық Азияда болатын 10 негізгі оқиғаға шолу ұсынды

 

Үстіміздегі жылдың 9 қаңтар күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2017 жылы Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін мән-маңызы жоғары 10 негізгі оқиғаны таныстырды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жылы әлемдік тауар нарықтарының қайта қалыпқа келуіне байланысты аймақ елдерінің экономикалары үшін конъюнктура жақсарады. Сонымен қатар Қытайдың аймақтағы экономикалық үрдіске араласуы нығая түседі.

Аймақ елдерінің ішкі саяси үдерістері де назардан тыс қалмайды. Олардың негізгілерін атап кетер болсақ, Өзбекстанның жаңа билігі жұмысының алғашқы жылы, Түркменстан мен Қырғызстандағы президенттік сайлаулар және т.б.

Шолуда Таяу Шығыстағы оқиғалар аясында, сондай-ақ Ауғанстандағы тұрақсыздықтың сақталуы жағдайында ортаазиялық аймақтағы террорлық қауіп-қатерлер тақырыбына баса көңіл бөлінген. Сарапшылар «Ауғанстанның әскери-саяси тұрақсыздық жағдайы негізгі сыртқы ойыншылардың назарынан тыс қалмайды, сол себепті, бұл мәселе аймақтық қауіпсіздіктің күн тәртібінде өзекті бола түседі» деп атап өткен.

Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия мен Иран сияқты мемлекеттердің ішкі саяси үдерістері мен аймақ елдерімен өзара қарым-қатынастарына ықпалы да маңызды оқиғалар қатарынан орын алған.

Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, бұл жылы Орталық Азия елдерінде демографиялық өсім деңгейі ұлғая түседі және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын халықтың үлесі артады.

Жалпы, 2017 жылы Қазақстанның еншісінде әлем назарын аударатын маңызды оқиғалар мол болмақ. Оның ішінде, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері құрамына енуі, Универсиада-2017, ЭКСПО-2017, ШЫҰ саммитінің өтуі, АӨСШК бастамасының 25 жылдығы. Сарапшылардың пікірінше, бұл жыл Қазақстанның ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағы халықаралық субьектілерінің күшеюінде маңызды кезең болады.