Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму

 Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі.

ҚСЗИ-дегі сарапшылар кездесуі: Морена Скаламера ортаазиялық аймақтың энергетика әлеуеті жөнінде ой бөлісті

 

 

23 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында геосаяси мәселелер жөніндегі сарапшы Морена Скаламеромен кездесу өтті.

«Ресей мен Қытайдың жақындасуы: жаңа дәуірдегі энергетикалық қатынастар» тақырыбында сөз сөйлеген Морена Скаламера ұзақмерзімді келешекте энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін тілге тиек етті. Айта кетсек, Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты қызығушылығы, азия аймағындағы халықаралық қатынастардың ықтимал мүмкіндіктері қарастырылды.

Сарапшылар кездесуіне әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар саласындағы отандық белгілі сарапшылар, мемлекеттік органдар мен дипломаттық корпустың өкілдері қатысты.