Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму

 Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі.

ҚСЗИ-дегі сарапшымен кездесу: Нацуко Око қазіргі Жапонияны қабылдаудағы стереотиптер туралы

 

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жапондық зерттеуші, Қазақстан бойынша маман Нацуко Окомен кездесу өтті.

Кездесу шеңберінде Нацуко Оконың «Басқа Жапония. Шай рәсімінсіз өмір» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер барысында еңбек зерттеушілер мен ғалымдарға ғана емес, қалың көпшілікке арналғаны айтылды.

«Кітаппен жұмыс істеу кезінде және зерттеулер жүргізгенде, мен Жапонияны басқа қырынан аштым. Осы жерде жапон халқының өмірі туралы қалыптасқан стереотиптерден арылтуды көздедім», - деді Нацуко Око өз сөзінде.

«Сарапшымен кездесу» - ҚСЗИ мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының бірлескен жобасы. Осы жоба шеңберінде әртүрлі өзекті тақырыптар бойынша белгілі шетелдік және отандық сарапшылармен кездесу өтеді.