Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму

 Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі.

ҚСЗИ Франция СІМ делегациясымен кездесу өткізді

 

 

 

Бүгін, 11 қазан күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин Франция СІМ делегациясымен кездесті.

Кездесуге Франция Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі Континенталды Еуропа департаментінің директоры Флоранс Манжен, Қазақстандағы Франция елшісі Франсис Етьен, Қазақстандағы Франция елшісінің бірінші кеңесшісі Даниель-Ив Топен, Франция елшілігінің Қорғаныс жөніндегі полковнигі Стефан Самаран, ғылым және техникалық ынтымақтастық жөніндегі атташесі Тома Юэт  пен елшінің байланыс және хаттама жөніндегі кеңесшісі Раушан Әшімбаева қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарының даму мәселелері мен екі елдің сараптау-талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолдарын талқылады.