|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері

 

Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін

Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін

ҚСЗИ Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі жанындағы кеңесшілер кеңсесі сарапшыларымен кездесу өтті

 

2018 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында ҚХР Мемлекеттік Кеңес кеңесшілерінің кеңсесінің (МККК) өкілдерімен ҚСЗИ (KAZISS) қызметкерлерінің сараптамалық кездесу өтті.

Қытай тарапын МККК басшысының орынбасары Ван Вэйминь, кеңесшілер Хэ Синлян және Фань Сиань, МККК бөлім басшысы Лю Цзин, Халық басқармасының Мемлекеттік қызмет үкметі  жанындағы провинциясының МККК басшысының орынбасары Ганьсу Лю Вэнлянь, Синьцзян-Уйгур автономиялық аймағының халық үкіметі кеңесшісі Ян Кайсинь, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Ван Сян таныстырды.

Іс- шараға ҚСЗИ тарапынан директор Зарема Шәукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, ғалым хатшы Қазбек Исаев, бас ғылыми қызметкер Вячеслав Додонов, аға сарапшы  Болат Тоқабаев, аға ғылыми қызметкер Анастасия Решетняк, ғылыми қызметкерлер Қымбат Нуұғалиева және Слямжар Ахметжаров қатысты.

Талқылау барысында әлемдік экономикадағы заманауи үдерістері жағдайындағы Орталық Азия аймағының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының өзекті мәселелері қарастырылды. Бұдан басқа, екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері, сондай-ақ ««Бір белдеу және бір жол» жобалары мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы мен өзара түйісуі жайлы мәселелер тақыланды.

Делегация басшысы Ван Вэйминь Қытай сарапшыларының сапарының басты мақсаты Қытай Мемлекеттік кеңесі жанындағы кеңесшілер кеңсесі мен Қазақстанның сараптамалық құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы МККК мен жетекші аналитикалық орталықтар арасында байланыс орнату өңірлік және субөңірлік деңгейдегі елдер арасындағы серіктестікті нығайтуға көмектеседі.

Өз кезегінде, ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова, экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларды синхронды жаңғыртуды көздейтін Қазақстанның даму стратегиясының ерекшеліктері туралы қонақтардың назарын аудартты.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы кеңесшілер кеңсесі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ниеттерін білдірді.