Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

ҚСЗИ қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында салтанатты жиналыс өтті. Жиында ҚСЗИ қызметкерлеріне мемлекеттік награда табыс етілді.

Атап айтсақ, ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин, директордың орынбасары Ботагөз Рақышева, ғалым хатшы Қазбек Исаев, бас ғылыми қызметкер Алуа Жолдыбалина, Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Дәуір Оралбаев, Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің аға сарапшысы Болат Тоқабаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.