Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

ҚСЗИ Оңтүстік Қазақстан облысында өз Өкілдігін ашты

 

Биылғы жылдың 9 желтоқсанында Шымкентте ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Оңтүстік Қазақстан облыстық Өкілдігі ашылды. Аталған Өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараға ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин, Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ-дің Оңтүстік Қазақстан облыстық Өкілдігінің өкілі Бектай Орманов, облыстық әкімдік өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Шарада сөз алған Ерлан Қарин ҚСЗИ-дің Оңтүстік Қазақстандағы Өкілдігі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін терең зерттеп, талдауға және жергілікті сарапшылардың зерттеу жүргізуі үшін әдіснамалық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретінін баса айтты. Осыған орай ҚСЗИ еліміздің басқа өңірлерінде де 3 аймақтық Өкілдік ашуға ниетті.

Сонымен қатар шара барысында Алуа Жолдыбалина ҚСЗИ-де шыққан ғылыми-сараптамалық журналдар және жаңа кітаптармен таныстыра келе, 2016 жылы «Казахстан-Спектр» (орыс тілінде), «Қоғам және Дәуір» (қазақ тілінде), «Central Asia`s Affairs» (ағылшын тілінде) журналдарының форматы жаңарғаны жөнінде тоқталып өтті. Айта кетер болсақ, журнал басылымдары мен мұқабасының дизайнына қойылатын талаптар қазіргі стандарттарға сәйкес өзгерді, ҚСЗИ журналдары Редакциялық кеңесінің құрамы академиялық орта өкілдерімен, шетелдік зерттеушілермен толықты.