Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

ҚСЗИ өткен жылды қорытындылады

 

 

27 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда өткен жылдың жұмыстары қорытындыланып, алдағы  жылға арналған жұмыс жоспары мен міндеттер талқыланды.

Жиынға ҚСЗИ қызметкерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов және жетекші талдау орталықтарының сарапшылары қатысты.

Ғылыми кеңестің соңында ҚСЗИ-дің үздік қызметкерлеріне марапаттар салтанатты түрде табыс етілді. Атап айтсақ, ҚР Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Институт директорының орынбасарлары Ботагөз Рақышева мен Санат Көшкімбаев, институт директорының кеңесшісі Берік Әбдіғалиұлы, бас ғылыми қызметкер Алуа Жолдыбалина марапатталды. Сондай-ақ ҚСЗИ-дің ұсынысы бойынша сарапшы-саясаткерлер Ерлан Сайыров пен Светлана Кожирова да наградаға ие болды  

ҚСЗИ сарапшылары Әмина Үрпекова, Найля Әлмұхамедова мен Ескендір Ақылбаевқа, Пекин университетінің PhD докторанты Сәуле Қошановаға, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері Дәурен Әбенге, «Орталық Азия және Кавказ» журналының өкілі Қаламқас Есімоваға, «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының сарапшылары Сағыныш Ахантаева мен Мәншүк Кәрімоваға ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы табысталды.

Шараның соңында ҚСЗИ директоры тиімді атқарған жұмыс үшін институт ұжымына және бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асырғаны үшін басқа да институттар әріптестеріне алғысын білдіре отырып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.