|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері

 

Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін

Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін

ҚСЗИ Расул Жұмалының монографиясының таныстырылымын өткізді

 

12 қазан күні Астанада белгілі саясаткер, шығыстанушы Расул Жұмалының «Араб пасьянсы. Жүзжылдықтар хроникасы» монографиясының таныстырылымы өтті. Аталған еңбек ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қолдауымен басып шығарылды.

Өз кезегінде сөз алған Расул Жұмалы кітапта Араб әлемі елдерінің мемлекеттік, экономикалық және қоғамдық жүйесіндегі түбірлі өзгерістер зерттелгенін баса айтты. Атап айтсақ, монографияда Солтүстік Африка, Таяу және Орта Шығыстағы «араб революциясы» талданды, Сириядағы азаматтық соғыстың себеп-салдары, Ислам мемлекетінің пайда болу алғышарттары мен әлемнің көптеген елдерінде терроризмнің өріс алу себептері сипатталды. 

Шараға отандық іргелі ғылыми-зерттеу институттар, мемлекеттік және тәуелсіз сараптау-талдау құрылымдар сарапшылары, ЖОО оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдар мен дипломаттық корпус өкілдері қатысты.