Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

ҚСЗИ сарапшысы Әзірбайжандағы халықаралық зерттеу жобасына қатысты

 

 

2016 жылдың 3 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Бакуде Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институты (СЗИ) мен Әзірбайжан халықаралық даму агенттігінің ұйымдастыруымен Түркі Кеңесіне мүше-елдердің көлік-транзит әлеуетін зерттеу жөніндегі жоба іске қосылды.

Аталған жобаға «Шақырылған зерттеуші стипендиялық бағдарламасына» қатысушы ретінде ҚСЗИ Экономикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Нәйла Әлмұхамедова қатысты.

Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы СЗИ – потскеңестік кеңістіктегі белді сараптау-талдау орталықтарының бірі, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша басқарушы органдардың қызметін ғылыми талдаулармен қамтамасыз етеді. СЗИ Әзірбайжан қатысушы болып табылатын барлық дерлік алаңдардың, атап айтсақ, ЕҚЫҰ академиясы желісінің, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің ақыл-ой орталықтары форумдарының жұмыстарына, т.б. белсенді қатысып келеді. Еске сала кетейік, 2015 жылы сәуір айында Астанада ҚСЗИ-дің қолдауымен Түрік кеңесіне мүше-елдердің Стратегиялық зерттеу институттары мен орталықтары арасында Көпжақты ынтымақтастықты дамыту туралы декларацияға қол қойылған болатын.