Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

Сарапшылар Орталық Азиядағы жаңа трендтерді талқылады

 

 

 

 

6 қаңтар күні Алматыда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, «Парасат» жүйелі зерттеулер институты және Қазақстан Саяси ғылымдар қауымдастығының ұйытқы болуымен «Орталық Азия-2017: жаңа трендтер мен сценарийлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынды құттықтау сөзбен ашқан «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының атқарушы директоры Нұрсұлтан Ахмедия осы жылғы негізгі аймақтық трендтерді анықтау тұрғысынан аталған шараның маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел шеңберінде ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин 2017 жылы Орталық Азияда болатын 10 негізгі он оқиғаға шолу ұсынды. Өз сөзінде ол алдағы жылы болатын басты оқиғаларға шолу жасау дәстүрге айналғанын айта келіп, 2017 жылы Орталық Азия елдерінің экономикалық және геосаяси дамуына ықпал ететін іргелі шараларға болжам жасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жылы Орталық Азия елдерінің демографиялық дамуында бетбұрыс болады. Яғни аймақ халқының саны 70 млн-нан асып жығылады деп күтілуде. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстандағы әлем назарын аударатын маңызды оқиғаларға тоқталды. Оның ішінде, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері құрамына енуі, Универсиада-2017, ЭКСПО-2017, ШЫҰ саммитінің өтуі, АӨСШК бастамасының 25 жылдығы. Сонымен қатар Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия мен Иран сияқты мемлекеттерде де айтулы шаралар өтетінін тілгек тиек етті. Атап кетер болсақ, Ресейде президенттік сайлауға дайындық жүреді, Қытайда Коммунистік партияның ХІХ съезі өтсе, АҚШ-та мемлекеттік аппарат қайта құрылады, Түркияда мемлекеттік басқару жүйесі жаңарып, Иранда президенттік сайлау өтеді. Сарапшылардың пайымдауынша, осы аталған үдерістер Орталық Азия елдеріне тікелей не жанама ықпалын тигізеді.

Шара барысында сарапшылар да баяндама жасады. Мәселен, Нархоз университетінің Сапаны қамтамасыз ету және стратегиялық талдау басқармасынан Данияр Қосназаров Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері арасында паралелльдер келтіре отырып, өзгеріп жатқан геосаяси парадигманы тілге тиек етсе, Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Дәрмен Сәдуақасов аймақ елдері экономикасының жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері туралы баяндама оқыды. Ал әлеуметтанушы Серік Бейсембаев болса, Орталық Азия елдерінің әлеуметтік дамуындағы жаңа трендтерге қатысты өз пікірімен бөлісті.

Айта кету керек, бұл дәстүрлі кездесу болып табылады. Жыл сайын еліміздің белді сарапшылары алдағы оқиғалардың жаңа трендтері мен ықтимал сценарийлерін талқылау және болжам жасау мақсатында бас қосады.