Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму

 Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы: жетістіктер мен қорытындыларына сарапшылардың көзқарасы

 

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы жетістіктерді талқылау, сондай-ақ институционалдық реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша арнайы жобаны бастады.

Жобаның мақсаты – іске асырылған реформалар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ сарапшылармен кері байланыс механизмін қалыптастыру.

Жоба шеңберінде биылғы жылдың 16 қарашасы күні ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен кездесу өтті.

Жиында сөз алған Қуандық Бишімбаев тәуелсіздік жылдарындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі қорытындыларға тоқтала келіп, мемлекеттік бағдарламалар мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөнінде тілге тиек етті.   

Әсіресе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының үшінші – «Индустриаландыру және экономикалық өсім» реформасына баса назар аударылды. Спикер үшінші реформа шеңберінде бүгінде Ұлттық экономика министрлігі тарапынан Қазақстанның салықтық және кедендік саясатын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, мұның өзі келешекте ел экономикасының дамуына оң әсер тигізетінін баса айтты.

Пікірталасқа отандық жетекші сарапшылар, оның ішінде экономика саласының мамандары, Стратегиялық бастамалар орталығы мен бизнес-ортаның өкілдері қатысты.