Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

ҚСЗИ-дың XV Жыл сайынғы Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі конференциясы

Үстіміздегі жылдың 2 маусымында Астана қаласында «Жаһандық түрлену жағдайындағы Орталық Азия» атты тақырыпта Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы мәселелеріне арналған ҚСЗИ-дың XV жыл сайынғы конференциясы болып өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Фридрих Эберт атындағы Қордың Орталық Азиядағы Өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған. Конференцияны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев ашты. Конференцияға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов қатысты. Ұйымдастырушылар атынан ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова мен Фридрих Эберт атындағы Қордың Орталық Азиядағы Өкілдігінің аймақтық директоры Хенриетте Кифер сөз сөйледі.

Өзбекстаннан, Қытайдан, Ресейден, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Ауғанстаннан келген сарапшылардың: Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және заманауи зерттеулер институтының директоры Владимир Норовтың, Жібек жолы бағдарламалары мен жобаларын сараптамалық және талдаулық қолдау орталығының директоры Муратбек Иманалиевтің, Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясының арнайы кеңесшісі Ду Яньзюньнің, Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы Хаким Абдулло Рахнамоның, Саяси зерттеулер мен жұмыстар ұйымының (Ауғанстан) директоры Мариан Сафидің баяндамалары тыңдалды.  

Қазақстандық тараптан – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің сараптама бөлімінің меңгерушісі Еркін Тұқымов, Қазақ-неміс университеті жанындағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастық институтының директоры Болат Сұлтанов, Азиялық зерттеулер институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, «​Қоғамдық пікір» зерттеулер институтының директоры Ботагоз Рақышева, және де ҚСЗИ сарапшылары Санат Көшкімбаев, Константин Сыроежкин, Ирина Черных, Леся Қаратаева және басқалар баяндама жасады.

Конференция жұмысы үш секция: қауіпсіздіктің жаңа архиткетурасы: көне парадигмалардың соңы және жаңа акторлар; Орталық Азия: объективтілік пен субъективтілік арасында; Орталық Азия: қабылдаудың әлеуметтік-мәдени аспектілері атты тақыпта жүргізілді.

Конференцияға қатысушылар Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қазіргі кездегі жағдайына және болашағына қатысты келесі мәселелерді: аймақтық күш тепе-теңдігіндегі Орталық Азия елдерінің, Ресейдің, Қытайдың, АҚШ пен ЕО және жетекші азиялық мемлекеттердің рөлі, ҰКШҰ, ШЫҰ, ЕАЭО, НАТО және басқа да аймақтағы халықаралық ұйымдардың жұмысы мен өзара әрекеттестігі, және де осы салалардағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқылады.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі орталықазия аймағы сарапшыларының және жетекші азиялық және еуропалық мемлекеттер сарапшыларының көзқарасы тұрғысынан қарастырылды.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесіне арналған ҚСЗИ-дың жыл сайынғы конференциясы 2003 жылдан бастап маңызды пікір алмасу алаңына, Қазақстан мен Орталық Азия елдері, және де Азия мен Еуропа елдері, АҚШ-тың сараптама қауымдастығы арасындағы иенттелектуалдық көпірге айналды.

Шараға жетекші ақыл фабрикаларының, зерттеу орталықтары мен университеттердің өкілдері ретіндегі халықаралық және қазақстандық беделді топтың қатысуы халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық саласы мен орталықазия қоғамы дамуының өзекті мәселелерін талқылау үрдісіне әрқашан жаңа серпін беріп келді.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі ҚСЗИ-дың жыл сайынғы конференциясы алаңы сараптамалық-талдаулық талқылауға және аймақ елдерінің сыртқы саясатын жүргізуге қолдау көрсету ісіне айтарлықтай үлесін қосу арқылы өзінің маңызды рөлін атқарды. Осылайша, Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі ҚСЗИ-дың XV жыл сайынғы конференциясы осы форматтағы жүргізіліп келген шараның соңғысы болып отыр.

Жаһандық түрлену жағдайында ҚСЗИ әлі де Қазақстан мен Орталық Азия елдері дамуының өзекті мәселелеріне қатысты жаңа идеялар көтеруші және қажетті пікірталас алаңдарын ұйымдастырушы қызметін атқарып, оны жүзеге асыруға тырысады.