Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

Сарапшылар форумы "Қазақстандағы модернизация: сарапшылардың бағалаулары мен пікірлері"

Үстіміздегі жылдың 2 ақпаны күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен «ПАРАСАТ» жүйелі зерттеулер институтының бірлесе ұйымдастыруымен «Жаңғырту 3.0: Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

Форум барысында Президент Жолдауында белгіленген жаңғыртудың үшінші қадамының басым бағыттары талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, жаңғыртудың үшінші кезеңі елімізді тұрақты дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің қисынды жалғасы болып табылады және ол елдің жаңа технологиялық құрылымға біртіндеп көшуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сарапшылар конституциялық реформада көрсетілген жаңа өзгерістерді де талқылады. Жақында  Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға жəне саяси  өзгерістерді жалғастыруға бағытталған жаңа шаралар екені аталып өтті.

Форум жұмысына «ПАРАСАТ» жүйелі зерттеулер институтының директоры Нұрсұлтан Ахмедия, «ПАРАСАТ» жүйелі зерттеулер институтының сарапшысы Мәншүк Кәрімова, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов, саясаткерлер Марат Шибутов, Андрей Чеботарев пен Ерлан Сайыров, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебі директорының орынбасары Бауыржан Боқаев, «Қазақстан Республикасы заңнама институты» ММ-нің директоры Аслан Түкиев, APEX Consult Бақылау кеңесінің төрағасы Данат Жұмин, Open Technologies Group негізін қалаушы Қайрат Ахметов.