|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері

 

Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін

Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін

ҚСЗИ сарапшыларының Шанхай Шет тілдер университеті мамандарымен кездесуі

2018 жылдың 7 маусымында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (KAZISS) Шанхай Шет тілдер университетінің (ШШТУ) мамандарымен сарапшылық кездесуі өтті. Шанхай Шет тілдер университеті тарапынан Кеңес Төрағасы Jiang Feng, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу кеңсесінің директоры Zhang Hongling, Ресей және Еуразиялық зерттеулер мектебінің Деканы Xu Hong, Ресейді зерттеу Орталығы деканының орынбасары Yang Bo, Халықаралық қатынастар мектебінің Профессоры Yang Cheng қатысты.

ҚСЗИ тарапынан директор орынбасары Санат Кушкумбаев, ғалым хатшы Қазбек Исаев, Халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкерлері Қымбат Нұрғалиева, Әділхан Ғаделшиев және Темірлан Ескендір қатысты.

 Кездесу барысында ШШТУ Кеңесінің төрағасы Jiang Feng 1949 жылдың желтоқсанында негізі қаланған Шанхай Шет тілдер университеті үшін басым бағыттардың біріне Орталық Азия аймағын зерттеу жататындығын атап өтті. ШШТУ Халықаралық қатынастар мектебінің профессоры Yang Cheng қытайлық делегацияның Қазақстанға келудегі басты мақсатына серіктес ұйымдармен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сонымен қатар тереңдетілген зерттеулерді және кадр дайындауды қамтамасыз ету үшін Университеттің ресурстық базасының кеңейтілуі жататындығын басып айтты. Yang Cheng Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен өз шеңберінде екі ЖОО-ның студенттерін оқыту мен алмастыруға бағытталған біріңғай жұмыстарды қалпына келтіруді көздеген келісімге қол қою жоспары туралы да айтып өтті. Осымен қатар, ол ШШТУ-нің 20 факультеттен тұратындығын, ал 2018 жылы мамандықтардың қатарына бүгінде 12 қытай студенті білім алып отырған қазақ тілінің қосылғандығын мәлімдеді.

Кездесу шеңберінде тараптар Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелердің кеңейтілген шоғырын, «Белдеу мен жол» бастамасын жүзеге асырудағы перспективаларды талқылады. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай астанасына сапары мен 9-10 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуы контекстіндегі жан-жақты ықпалдасудың өзекті мәселелерін қозғады.

 Өз кезегінде Санат Көшкімбаев ШЫҰ-ның дамуында Қытай мен Қазақстанның басты роль атқаратындығын, екіжақты деңгейде де, ұйым шеңберінде де жан-жақты серіктестікті жетілдіретіндігін атап өтті. ҚСЗИ сарапшысының айтуынша, Орталық Азия елдері «Белдеу мен жол» бастамасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі, олардың жүзеге асуы барынша тығыз аймақтық кооперацияға ықпал етеді.

         Кездесудің нәтижесі бойынша, тараптар стратегиялық ынтымақтастықтың қазақстандық-қытайлық қатынастарын ары қарай дамытуға, сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Шанхай Шет тілдер университетінің арасындағы ғылыми-сарапшылық байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін білдірді.