Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

Қазақ тілін жаңғырту: латын әліпбиіне көшудің тарихи-философиялық алғышарттары

 

Қазақ тілін латын графигіне көшіру мәселесі көптеген аспектілерді қамтиды. Оның шешімі қазақ тілінің латын әліпбиіне көшудің мақсаты тек «лингвистикалық бұрылыс қана емес», сонымен қатар мәдениетаралық білім, ақпараттық кеңістігін қосылуға бағытталған өркениеттік, ғылыми-техникалық серпілісті де байқатады.

Латын жазуына көшудің мағынасы логика - мәдениетаралық білім беру, ақпараттық кеңістікке ену. Жаңа әліпбиге көшу, оның модернизациясы - бұл жаңа білім беру үлгісі, сондықтан жаңа әдістер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу қажет, оларды қолданыстағылары негізінде жасауға да болады.

 

Егер де латын және кирилл туралы мәселені қайта жаңғырту мәселесіне келер болсақ, олардың түп негізінің бір екендігін, ежелгігрек тілінен, нақты айтар болсақ ежелгіфиникия жазуынан шыққандығын, айырмашылық тек қана латын әліпбиі б.д.д. VII ғасырда, ал кириллица алфавиті – б.д. VIII ғасырында пайда болды.

 

Ал латыншаға өту көптеген тілдердің тарихында, тіпті КСРО кезеңінде де орын алғандығын еске салуға болады. Мысалы, латын әліпбиі 1929 –1940 жылдары Қазақстанда қолданылғандығын, ал кейбір «i», «h» сияқты латын әріптері Яналиф(Жаңаліп) – латыншадан заманауи қазақ тілінде пайдаланылып келе жатыр.

 

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгікезеңдегі әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси басымдықтардың өзгеруіне байланысты латынданудың жаңа кезеңі басталды. Латынға көшу тәжірибесі де, бейімделу кезеңі де әртүрлі болды.  Біздің пікірімізше бұл мәдени кеңістіктегі ең табысты тәжірибе 2001 жылы аяқталған Әзірбайжан мысалы болмақ.

 

Ал біздің қоғамға келер болсақ,  латын қарпіне көшу, тарихи пісіп-жетілген мәселе екендігін атап өткен жөн, әрине кейбіреулер әлі де болса бұл мәселені кейінге қалдырып, ұзақ мерзімді перспективада жүзеге асыру қажеттілігін айтып жүр.

 

Әрине, бұл мәселедегі басты міндет – ауқымды мәдени қабатты сақтау, яғни  77 жыл бойы кирилицада  жасалынған интеллектуалдық және мәдени мұраны жоғалтып алмау болып отыр.Егер латыннан кириллицаға көшу жылын - 1940 жылдан бергі ағарту-ғылыми жобаның жүзеге асқандығын есепке алар болсақ, бұл кезең де жемісті жүзеге асатындығын, жаңа жарғыру-мәдени жағдайында жылдам мүмкі екендігіне деген сенім бар. 

Біздің жағдайда біз тілді ауыстыру туралы емес,жазуды оңтайлы модельдеу әдісі туралы айтып отырмыз.

Мақаланың орыс тіліндегі толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз

https://liter.kz/ru/articles/show/37019-modernizaciya_kazahskogo_yazyka_istoriko-filosofskie_predposylki_perehoda_na_latinskuyu_grafiku

19 сентября 2017, вторник, 19:53