Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен құрылған. 2014 жылдың сәуір айында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚСЗИ Астана қаласына көшірілді.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының құрылған күнінен бастап оның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін аналитикалық қамтамасыз ету.

ҚСЗИ кəсіби ғылыми-талдау орталығы болып табылады. Дүниежүзілік талдау орталықтарының индекс-рейтингінің 2016 жылғы қорытындысы бойынша ҚСЗИ қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясат салалары бойынша үздік 100 зерттеу орталықтарының қатарына енді. Институт ең үздік мемлекеттік «ақыл» орталықтарының қатарына қосылып, әлем бойынша 57-ші орынды иемденді (http://repository.upenn.edu/think_tanks/10/).

Қазіргі таңда институтта саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік басқару, тарих және экономика секілді салалардың танымал мамандары – ҚР ҰҒА екі корреспондент-мүшесі, бір Әскери ғылымдар академиясының корреспонтент-мүшесі, тоғыз ғылым докторы, бес ғылым  кандидаты, үш Ph.D мен он екі ғылым магистрлері қызмет атқарады.

ҚСЗИ өзінің 24 жылдық қызметі барысында институт халықаралық қатынастар, жаһандық жəне аймақтық қауіпсіздік мəселелері бойынша 250-ден астам кітап басып шығарды. Институтта үш журнал басылып шығарылады: «Қоғам жəне Дəуір» тоқсандық ғылыми-сараптамалық журналы, «Казахстан-Спектр» тоқсандық ғылыми журналы жəне «Central Asia’s Affairs» тоқсандық сараптамалық журналы (ағылшын тілінде). Үш тілде жүргізіліп отыратын сайты және Facebook әлеуметтік желісінде өз парақшасы бар.

Институт өзінің негізгі зерттеу бағыттары бойынша семинарлар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, халықаралық форумдар өткізіп отыр. 2003 жылдан бері институт Орталық Азия аймағының қауіпсіздігіне арналған ҚСЗИ-дың жылсайынғы 15 конференциясын өткізді.

ҚСЗИ-дың ғылыми басқосуларына Қазақстан өңірлерінің және Орталық Азия елдерінің сарапшылары, сонымен қатар, АҚШ, Ауғанстан, Әзербайжан, Германия, Грузия, Жапония, Иран, Корея, Қытай, Монғолия, Пәкістан, Ресей, Түркия, , Үндістан, Ұлыбритания, Франция, Швеция жəне басқа да мемлекеттердің ғалымдары белсене қатысады.

ҚСЗИ көп жылдардан бері Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары ғылыми-зерттеу, кәсіби және дипломалды тәжірибелер мен тағылымдамалардан өтетін алаң болып келеді.

Бүгінгі таңда институтта қызметкерлердің кəсіби жəне ғылыми өсулері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалынған. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігі ҚСЗИ үшін Л.Н. гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ph.D докторантура («әлеуметтану», «саясаттану» және «экономика» мамандықтары бойынша үш грант) мен магистратураға («саясаттану» мамандығы бойынша бір грант) мақсаттық гранттар бөлді.