Kz Ru En
|||

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді

1. Сыртқы саясаттың стратегиялық аспектілері:
• көршілес елдердің ішкісаяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
• Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Түркиямен, ЕО және ТМД елдерімен екі жақты қатынастарын талдау;
• посткеңестік кеңістіктегі интеграция мәселелерін зерттеу;
• қауіпсіздік мәселелерін сараптау.

2. Бүгінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік үрдістер:

• Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу;
• Қазақстанда саяси институттардың қалыптасуы мен демократиялану үрдістерін зерттеу;
• Қазақстандағы ағымдағы саяси жағдайды талдау.

3. Экономикалық қауіпсіздік:

• Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу;
• әлемдік экономиканың даму қарқынын зерттеу және оның Қазақстан экономикасына әсерін талдау;
• жаһандану мәселелерін және оның Қазақстанға ықпалын зерттеу;
• Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға мониторинг жүргізу.

4. Редакциялық-баспа қызметі:

• «Қазақстан-Спектр» ғылыми журналын басып шығару;
• «Қоғам және Дәуір» ғылыми-сараптамалық журналын басып шығару (қазақ тілінде);
• «Central Asia’s Affairs» сараптамалық журналын басып шығару (ағылшын тілінде).

ҚСЗИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Институт Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы сияқты стратегиялық мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізеді, ел басшылығы үшін болжама-талдау сипатындағы материалдар дайындайды.

Институт өз зерттеулерінің негізгі бағыттары бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, халықаралық форумдар өткізіп отырады.

ҚСЗИ шетелдердің ғылыми және талдау құрылымдарымен ынтымақтастық орнатқан, олармен Қазақстан мен Орталық Азия дамуының әртүрлі мәселелері бойынша халықаралық зерттеу жобаларын іс жүзіне асыруда.