Институт туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылған мемлекеттік болжамдық-талдаушы мекеме.

Талдау орталықтарының 2020 жылғы Дүниежүзілік индекс-рейтингіне сәйкес (Global Go To Think Tank Index Report, University of Pennsylvania) ҚСЗИ Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азияның жетекші талдау орталықтарының үштігіне кіреді (58 орталықтан), сондай-ақ «Сovid-19-ға ең үздік саясат және институционалдық жауап» номинациясы бойынша әлемнің топ ақыл-ой орталықтарының қатарына кірді. Бұл номинацияға әлемнің түкпір-түкпірінен 83 талдау орталығы кірді, олардың ішінде ҚСЗИ Орталық Азия елдерін кірген жалғыз құрылым болды.

ИНСТИТУТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары бойынша талдамалық, зерттеу және сараптамалық қамтамасыз ету.

ҚСЗИ ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ

  • Қазақстандағы ағымдағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау;
  • саяси жаңғырту мәселелерін кешенді зерттеу;
  • әлеуметтік-саяси үдерістерді болжау және модельдеу;
  • саяси институттардың, этносаралық және конфессияаралық қатынастардың жай-күйін талдау;
  • ағымдағы медиа процестер мен ақпараттық трендтерді зерделеу.
  • заманауи халықаралық үдерістерді, геосаяси трендтер мен өңірлік және жаһандық ойыншылардың сыртқы саяси стратегияларын талдау;
  • іргелес елдердің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын мониторингтеу;
  • халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Германиямен, Франциямен, Польшамен, Түркиямен, Орталық Азия және ТМД елдерімен, сондай-ақ Азия және Еуропаның бірқатар басқа жетекші мемлекеттерімен екі жақты қатынастарын талдау;
  • әлемдік экономиканың даму үрдістерін, интеграциялық үдерістерді және олардың Қазақстан экономикасына әсерін зерттеу.
  • әлеуметтік ахуалды мен қоғамдық-саяси көңіл-күйді талдау;
  • электоралдық үдерістерді әлеуметтанулық сүйемелдеу;
  • ҚР мемлекеттік органдарының әлеуметтанулық зерттеулерін әдіснамалық сүйемелдеу.
  • ҚСЗИ пікірталас клубының сараптамалық кездесулерін, баспасөз конференцияларын, брифингтерін, мастер-кластарын өткізу, баспа материалдарының және институттың әлеуметтанулық зерттеулерінің таныстырылымын жасау;
  • ҚСЗИ ресми сайтының, YouTube арнасының, Telegram, Facebook, Twitter, Instagram-дағы парақшалардың ақпараттық және контенттік толтыру;
  • ҚСЗИ-дің журналистермен, БАҚ өкілдерімен тұрақты және тиімді екіжақты байланысын қамтамасыз ету;
  • Институт қызметін алға жылжыту бойынша PR-материалдарды (медиа жоспарлар, пресс-клиппинг, контент-жоспарлар, промо-жоспарлар, пресс-релиздер) дайындау және іске асыру;
  • ғылыми-талдау журналдарын, кітаптарды, монографияларды, материалдар жинақтарын, ҚСЗИ әдістемелік құралдарын басып шығару.
  • отандық және шетелдік зерттеу және талдау құрылымдарымен ынтымақтастық орнатып, Қазақстан мен Орталық Азия дамуының өзекті мәселелері бойынша халықаралық зерттеу жобаларын жүзеге асырады;
  • Институт жұмысының бағыттары бойынша аймақтық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізеді;
  • Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саяси саласы бойынша мемлекеттік даму бағдарламаларының жобалары мен тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
  • дипломатиялық корпуспен және Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен ынтымақтастық орнатады;
  • тағылымдама, семинарлар, жазғы мектептер өткізу арқылы ҚСЗИ ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары шеңберінде зерттеуші-талдаушыларды даярлауға қатысады.
director_pic

ТҰҚЫМОВ ЕРКІН ВАЛИТХАНҰЛЫ

ҚСЗИ Директоры

Саяси ғылымдарының кандидаты

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Халықаралық қатынастар институты, Варшава университеті (Польша Республикасы) (1992–1997), халықаралық қатынастар жөніндегі маман.
  • Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебі (АҚШ) (2015–2016), мемлекеттік басқару магистрі.

Ғылыми дәрежесі: ҚР ҒА Философия және саясаттану институты (2004), саясат ғылымдарының кандидаты.

Дипломатиялық дәрежесі: «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің I сыныпты кеңесшісі» (2017).

Еңбек жолы:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) аға ғылыми қызметкері, сыртқы саясатты зерттеу бөлімінің меңгерушісі (1997–2005).
  • Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры (10.2005–10.2007).
  • Ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық даму және талдау орталығының сектор меңгерушісі (11.2007–05.2008).
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, директоры (06.2008–01.2010).
  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы (01.2010–01.2018).
  • Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (01.2018 – 04.2019).
  • Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Министрдің кеңесшісі (04.2019–01.2022).
  • 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

Тілдік дағдылар:

Қазақ, орыс, ағылшын, поляк.

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

«Кұрмет» ордені (2017), «Ерен Еңбегі үшін» медальі: (2011), Қазақстан Президентінің Алғыс хаты (2010), Сыртқы істер министрінің Алғыс хаты (2008, 2019), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне» 20 жыл», ҚР Сыртқы істер министрлігінің мерейтойлық медальдері.