Мұрағат Аналитика - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ

Диалогтан бірлескен іс-қимылға: АӨСШК-ның жаңа күн тәртібі
Жанар Тулиндинова,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Медиажобалар бөлімінің басшысы

Бүгін Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VII саммиті өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіндегі маңызды мазмұндық басымдықтардың бірі технологиялардың мемлекетаралық қатынастарға әкеліп жатқан өзгерістерін ескере отырып, қауіпсіздік күн тәртібін кеңейту болды. Осы тұрғыда жасанды интеллектіні АӨСШК-ның алтыншы өлшемі ретінде енгізу ұсынылды.

Бұл бастама халықаралық қауіпсіздіктің табиғаты өзгеріп жатқанын көрсетеді. Әскери саладағы болжамдылық пен дауларды реттеудің дәстүрлі мәселелеріне салдары ұлттық юрисдикциялар шегінен әлдеқайда асып түсетін технологияларды пайдалану қағидаттарын келісу қажеттілігі қосылып отыр. Енді өзара сенім бір елдің цифрлық мүмкіндіктерінің дамуы басқа елдер үшін бақылаусыз тәуекелдердің көзіне айналмайтынына деген сенімді де қамтиды.

Осы тұрғыдан алғанда, жасанды интеллект жөніндегі ұсыныс пен Превентивті дипломатия тетігін құру бастамасы бір логикаға негізделеді: халықаралық институттар алдын ала әрекет ету қабілетіне ие болуы тиіс. Бір жағдайда мемлекетаралық қайшылықтардың шиеленісуінің алдын алу туралы айтылса, екіншісінде технологиялық қатерлерге қатысты тәсілдерді күні бұрын келісу көзделеді. Ортақ міндет – тәуекелдің туындауы мен оған ұжымдық жауап қайтару арасындағы алшақтықты қысқарту.

АӨСШК-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдырудың маңызы дәл осы міндет арқылы айқындалады. Азиядағы халықаралық қауіпсіздік әлсіреп жатқан жағдайда ынтымақтастықтың неғұрлым орнықты институционалдық негізі қажет. Трансформацияның мәні диалогқа деген саяси дайындықты тұрақты консультацияларға, келісілген шешімдерге және оларды іске асыру тетіктеріне айналдыру қабілетінде жатыр. Қатысушылар құрамы кең болған жағдайда мүдделер елеулі түрде алшақтаса да, өзара іс-қимылды сақтап қалу мүмкіндігі ерекше құндылыққа ие болады.

Президент сөзіндегі тағы бір маңызды басымдық сенім мен экономикалық өзара байланыстылықтың арақатынасына қатысты. Көлік бағыттары, байланыс желілері мен энергетикалық желілер мемлекеттер арасында ұзақ мерзімді міндеттемелер қалыптастырады. Олар ережелерді келісуді, инфрақұрылымды қорғауды және шешімдердің болжамдылығын талап етеді. Сондықтан АӨСШК-ның көлік байланыстылығы жөніндегі стратегиясын әзірлеу туралы ұсынысты дәліздерді дамытуды өңірлік қауіпсіздіктің кеңірек контексіне енгізу әрекеті ретінде қарастыруға болады.

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі мен Каспий жасыл энергетикалық дәлізі бұл қисынға нақты мазмұн береді. Осындай жобалар дамыған сайын Каспий цифрлық, энергетикалық және көлік ағындары тоғысатын торап ретінде маңызға ие болады. Сонымен қатар оның тұрақтылығы мен экологиялық әл-ауқатын сақтауға деген ортақ мүдделілік артады. Өзара тәуелділік қайшылықтарды өздігінен жоймайды, бірақ оларды келісім арқылы реттеуге қосымша ынталандырулар қалыптастырады.

Бұл күн тәртібінде ұсынылған АӨСШК-ның Су серіктестігі ерекше орын алады. Орталық Азия үшін су мәселесі азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті, экожүйелердің жай-күйін және экономикалық даму перспективаларын өзара байланыстырады. Бірлескен зерттеулер, технологиялар алмасу және су үнемдеу шешімдерін енгізу су мәселесі бойынша келіссөздердің ортақ ақпараттық және технологиялық негізін нығайта алады. Бұл ұлттық басымдықтар мен жоспарлау көкжиектері әртүрлі болған жағдайларда айрықша маңызды.

Жалпы алғанда, Қазақстанның бастамалары сенім шаралары идеясының мазмұнын кеңейтуді ұсынады. Енді олардың аясына технологиялар, инфрақұрылым және ресурстарды басқару кіреді, ал тиімділік өлшемі мемлекеттердің белгісіздікті бірлесіп азайтып, дағдарыстардың алдын алу қабілеті болмақ. АӨСШК үшін ынтымақтастықтың практикалық тетіктеріне осылай көшу институционалдық трансформацияның басты нәтижесіне айналуы мүмкін.

Сообщение Диалогтан бірлескен іс-қимылға: АӨСШК-ның жаңа күн тәртібі появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

АӨСШК: диалог алаңын сақтап қалу
Айша Мұқашева,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы

Мен халықаралық қатынастар мамандығында оқыған кезде студенттік жылдарым 2000-жылдардың басына тұспа-тұс келді. Бұл жаһандану қарқын алған кезең еді. Әлем «кішірейіп», бейбітшілік пен тату көршілік туралы ұстаным халықаралық жүйенің қалыпты қағидаты ретінде қабылданатын. Шынымды айтсам, сол кезде Еуразия кеңістігінде кезең-кезеңімен қалыптасқан қауіпсіздік тетіктерінің, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (1996 жылғы «Шанхай бестігінен» бастау алған) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан бастамашылық еткен) шынайы маңызын толық түсіне бермейтінмін. Студент кезімде олар маған қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралына қарағанда дипломатиялық этикеттің жалғасы сияқты көрінетін.

Жиырма жылдан кейін мәселе басқаша қойылып отыр: «олардың пайдасы бар ма?» емес, «біздің қолымыздан келе ме?» деген сұрақ маңызды.

Баку қаласында өткен АӨСШК-ның VII саммиті Баку декларациясын қабылдаумен аяқталды. Құжаттың қамтитын мәселелерінің ауқымы көп нәрсені аңғартады. Экономикалық байланыстар, көлік, энергетика, цифрлық өзара байланыстылық, жасанды интеллект тәуекелдерін басқару — мұның бәрі қауіпсіздік күн тәртібіне енгізілген. Қауіпсіздік ұғымы әлдеқашан әскери өлшеммен ғана шектелмейтін болды.

Президент Тоқаевтың сөзінде назар аударуға тұрарлық бір пайым бар. Ол халықаралық қауіпсіздік архитектурасының негіздері біртіндеп әлсіреп бара жатқанын, ал күштің құқықтан басым түсе бастауы алаңдаушылық туғызатынын атап өтті. Бұл құр сөз емес. Уппсала қақтығыстар деректері бағдарламасының (UCDP) мәліметтері 2025 жылы әлемдегі мемлекетаралық қақтығыстар саны 1946 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткенін көрсетеді. Соңғы бір жылдың өзінде қарулы қақтығыстарда 37 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты, ал әлем бойынша мәжбүрлі түрде қоныс аударған адамдар саны әлі де 117 миллионды құрайды.

Осы жағдайда АӨСШК-ның институционалдық трансформациясы, яғни форумның толыққанды халықаралық ұйымға айналуы нақты мәнге ие болады. Бұл үдеріс 2022 жылғы Астана саммитінде басталған еді. Бакуде Мемлекет басшысы АӨСШК Жарғысының «жол картасы» ретіндегі маңызын тағы да атап өтті. Бұдан да нақты ұсыныс – превентивті дипломатия тетігін құру. Оның айтуынша, қақтығыстардың алдын алу өзінің табиғаты жағынан да, шығын тұрғысынан да басталып кеткен дағдарысты басқарудан тиімдірек.

АӨСШК ауқымын ескерсек, бұл трансформацияны шеткері мәселе деп қарауға болмайды. Қатысушы мемлекеттер Азия аумағының шамамен 90%-ын қамтып, әлем халқының жартысынан астамын біріктіреді. Бұл – нақты географиялық негізі бар алаң. Егер Жарғы қабылданып, превентивті тетік іске қосылса, ол кем дегенде 28 мүше мемлекетке келіспеушіліктер шиеленіске ұласпай тұрып диалог жүргізудің құрылымдалған арнасын қамтамасыз етеді.

Қандай да бір тараптың рөлін шамадан тыс дәріптеу дұрыс болмас еді. Алайда бұл тетіктің орнығып, шын мәнінде міндетті күші бар құралға айналуы түптеп келгенде мүше мемлекеттердің ортақ ережелер үшін өз егемендігінің бір бөлігін беруге қаншалықты дайын екеніне байланысты. СӨШЖ дәл осы шешуші межеде тұр. Күшке сүйену логикасы қайта оралған кезде ережелер мен диалог алаңдарының болуының өзі тапшы ресурсқа айналады.

Сообщение АӨСШК: диалог алаңын сақтап қалу появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Азия қауіпсіздігі: Қазақстанның институционалдық жауабы
Айдар Құрмашев,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Баку саммитінде сөйлеген сөзі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру үдерісіне жаңа мазмұн берді. 2022 жылы Астанада қабылданған шешім қақтығыстардың алдын алу, технологиялық ынтымақтастық және трансшекаралық байланыстарды дамыту жөніндегі ұсыныстар арқылы нақты іске асырыла бастады. Президент АӨСШК-нің Азияға ортақ проблемаларды шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік беретін функцияларды айқындады.

Ол атап өткен «АӨСШК рухы» мемлекеттер арасындағы айырмашылықтарды сақтай отырып, қауіпсіз әрі өркендеген Азия үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын болуды білдіреді. Қатысушылар құрамының өзі терең саяси келіспеушіліктері бар елдер арасындағы байланысты сақтауға мүмкіндік беретін алаңның құндылығын көрсетеді. Лаостың қосылуы осы форматқа деген қызығушылықтың сақталып отырғанын растайды. Президент атап өткендей, АӨСШК мемлекеттері Азия аумағының шамамен 90%-ын қамтиды және әлем халқының жартысынан астамын құрайды. Ұсынылған превентивті дипломатия тетігі тұрақты консультациялар өткізу және туындайтын тәуекелдерді уақтылы талқылау арқылы осындай ауқымды өкілдікке қосымша практикалық мән бере алар еді.

Жасанды интеллектіні АӨСШК-ның алтыншы өлшеміне айналдыру туралы ұсыныс қауіпсіздік ұғымының мазмұны өзгеріп жатқанын көрсетеді. Мемлекеттер арасындағы сенім цифрлық инфрақұрылымның қорғалуына және жаңа технологияларды қолданудың болжамдылығына барған сайын көбірек тәуелді. Сондықтан Кеңес аясында жасанды интеллектіні талқылау тәуекелдер туралы ақпарат алмасуды, жауапты пайдалану қағидаттарын келісуді және мамандар даярлауды қамтуы мүмкін. Технологиялық мүмкіндіктері әртүрлі елдер үшін мұндай жұмыс серіктестерінің іс-қимылын жақсырақ түсінуге және трансшекаралық қатерлерге бірлесіп ден қоюға жағдай жасайды.

Цифрлық ынтымақтастықтың практикалық негізін Алматыда құрылып жатқан БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер жөніндегі Азия-Тынық мұхиты орталығы қамтамасыз ете алады. Қазақстан оны 2027 жылы ашуды, шетелдік мамандарды және өңір мемлекеттерінің тәжірибесін тартуды жоспарлап отыр. Міндеттің ауқымын Халықаралық электр байланысы одағының деректері айқын көрсетеді: 2025 жылы әлемде шамамен 2,2 млрд адам әлі де интернетті пайдаланбаған. Осындай алшақтық жағдайында озық технологияларды тарату мақсатты қолдауды қажет етеді. АӨСШК елдерінің Орталық жұмысына қатысуы цифрлық шешімдерді ұлттық жағдайларға бейімдеуді жеңілдетіп, қажетті құзыреттерге қолжетімділікті кеңейте алар еді.

АӨСШК-ның көлік байланыстылығын дамыту стратегиясының интеграциялық әлеуеті зор. Орта дәлізді, «Солтүстік – Оңтүстік» бағытын, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын және TRIPP жобасын ортақ шеңберде қарастыру туралы ұсыныс инфрақұрылымдық басымдықтарды үйлестіруге негіз қалайды. Мұндай үйлестірудің экономикалық нәтижесі елеулі болуы мүмкін. Дүниежүзілік банктің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі баяндамасына сәйкес, Орта дәлізді дамытуға салынған инвестициялар 2040 жылға қарай тоғыз елде шамамен 2 млн қосымша жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Банк бұл әлеуетті іске асыруды инфрақұрылымдық шектеулерді жоюмен және тасымал тиімділігін арттырумен байланыстырады. Осы тұрғыда АӨСШК үшін нақты жұмыс бағыты ашылады: мемлекеттерге шекаралық рәсімдерді, цифрлық құжаттарды және көлік операторларының өзара іс-қимылын үйлестіруге көмектесу. Дәл осындай шешімдер арқылы транзит бағыттар бойындағы өндіріс пен қызметтерге сұраныс қалыптастыра алады.

Президенттің су мәселесіне қатысты ұсыныстары мемлекетаралық үйлестірудің жеткіліксіздігін қозғайды. БҰҰ-ның 2024 жылғы деректеріне сәйкес, трансшекаралық су ресурстары бар 153 мемлекеттің тек 43-інде ғана қолданыстағы ынтымақтастық тетіктері осы ресурстардың кемінде 90%-ын қамтыған. Ұсынылып отырған АӨСШК Су серіктестігі технологиялар алмасуды және бірлескен зерттеулерді дамыта алар еді. БҰҰ жүйесіндегі Халықаралық су ұйымы жаһандық күш-жігерді үйлестіру жөніндегі анағұрлым ауқымды міндетті шешуге бағытталған. Бұл екі бағыт бірін-бірі толықтырады: өңірлік ынтымақтастықтың практикалық тәжірибесі халықаралық шешімдерге негіз бола алады.

Жаһандық су бастамасын ілгерілетудің өзіндік сабақтастығы бар. Тоқаев оны 2025 жылғы желтоқсанда Ашхабадта ұсынды, ал 2026 жылғы сәуірде өткен Өңірлік экологиялық саммитте халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі туралы жариялады. Қыркүйекте ол «ШЫҰ плюс» және «БРИКС плюс» форматтарына қатысушыларды бастаманы қолдауға шақырды. Баку саммитінде келесі қадам ұсынылды: бастаманы Орталық Азия елдері мен Әзірбайжанның бірлесіп ұсынуы және оған АӨСШК-ның өзге мемлекеттерінің қосылу мүмкіндігі. Менің ойымша, бұл — бастаманың тең авторларының аясын дәйекті түрде қалыптастыру. Біздің өңір үшін мұндай тәсіл трансшекаралық су пайдалану және Каспийді қорғау саласындағы өз тәжірибесін су ресурстарын халықаралық басқару жөніндегі ұсыныстарға айналдыруға мүмкіндік береді.

Сообщение Азия қауіпсіздігі: Қазақстанның институционалдық жауабы появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Аваза саммитінен кейінгі Каспий: ортақ бағалаудан келісілген іс-қимылға
Замира Жолдасқызы

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Экономикалық саясатты талдау бөлімінің

бас сарапшысы

9 қазанда Авазада өткен Бірінші Каспий экологиялық саммиті Каспий маңы мемлекеттерінің бағалар алмасудан бірлескен шешімдер әзірлеуге көшуін көрсетті. Саммитте сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданып жатқан шаралардың әзірге жеткіліксіз екенін және теңіздің тайыздануы салдарын жеңілдету, экономикалар мен экожүйелерді болып жатқан өзгерістерге бейімдеу жөнінде келісілген іс-қимылға көшетін уақыт келгенін атап өтті. Мәселенің осылай қойылуы алдағы ынтымақтастықтың практикалық бағдарын айқындайды.

Қазақстан үшін негізгі нәтижелердің бірі – Каспий маңы мемлекеттерінің Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі Мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу туралы Қазақстан ұсынысын мақұлдауы болды. Қазақстан өз кезегінде Әзірбайжанның Каспий теңізінің тайыздануы мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияны премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде құру туралы ұсынысын қолдады. Бұл бастамалардың ұштасуы өзара қолдау қағидатын көрсетеді: бағдарлама бірлескен жұмыстың мазмұндық негізін қалыптастырса, комиссия үкіметтік деңгейде салааралық шешімдер қабылдауға арналған алаң құрады.

Бұл қадамдардың маңызын ұлттық болжамдар да растайды. «Қазгидромет» есептеулері бойынша, 2030 жылға қарай теңіз деңгейі −29,8–29,9 м белгісіне дейін төмендеуі, ал 2050 жылға қарай −32,4–33,9 м деңгейіне жақындауы мүмкін. Ал экожүйе мен теңіз шаруашылығы үшін −28,5 м деңгейінің өзі-ақ сыни көрсеткіш болып саналады. Сондықтан Авазада мәселе тек экологиялық емес, бүкіл өңір үшін экономикалық сын-қатер екені атап өтілді.

Мемлекет басшысының сөзінде ауданы 36%-ға ұлғайған Солтүстік Аралдың тәжірибесіне ерекше орын берілді. Бұл су сапасын жақсартуға, балық қорын қалпына келтіруге және оған іргелес аумақтардың экономикасын жандандыруға мүмкіндік берді. Каспий ынтымақтастығы үшін бұл мысал символдық мәнімен ғана маңызды емес. Ол инженерлік шешімдерді табиғатқа бағдарланған тәсілмен ұштастыру, тіпті залал қайтымсыз болып көрінген жағдайда да, өлшенетін нәтижеге жеткізетінін көрсетеді. Бұл Қазақстан ұсыныстарының практикалық негізділігін арттырады: ел келіссөздерге су нысанын қалпына келтірудің сынақтан өткен үлгісімен қатысады.

Аваза саммитінен кейін Каспий күн тәртібі бірін-бірі толықтыратын бірнеше құралға сүйенеді: биыл күшіне енгеніне жиырма жыл толатын Тегеран конвенциясы, Каспий теңізі деңгейінің ауытқуына қатысты Каспий маңы мемлекеттерінің 2026–2036 жылдарға арналған әзірленіп жатқан іс-қимыл жоспары, жаңа мемлекетаралық бағдарлама және үкіметаралық комиссия. Айта кетерлігі, сәуір айында-ақ Тегеран конвенциясы аясындағы диалогқа қатысушылар Іс-қимыл жоспарын ауқымдырақ ұзақ мерзімді мемлекетаралық бағдарламаға айналдыру мүмкіндігін талқылаған болатын. Авазада Қазақстан бастамасының мақұлдануы осы бағытты іс жүзінде жалғастыруға мүмкіндік береді. Ал барлық құралдың тиімділігі рөлдерді нақты бөлуге және жұмыстың жүйелілігіне байланысты болады.

Қазақстан тәсілінің ең практикалық элементі — теңіз акваториясын да, Каспийді қоректендіретін өзен бассейндерін де қамтитын перспективалы жобалардың бірыңғай топтамасын қалыптастыру туралы ұсыныс. Президент олардың мазмұнын атап өтті: су ағынын, өзен атыраулары мен сулы-батпақты алқаптарды қалпына келтіру, гидротехникалық құрылыстарды тиісті жағдайға келтіру. Қаржыландыру көздері ретінде гранттар, жеңілдетілген кредиттеу және климаттық қаржыландырудың басқа да тетіктері аталды.

Жобалық тәсіл ғылыми және цифрлық құрамдастармен толықтырылады. Президент 2024 жылы Қазақстанда құрылған Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының әлеуетін Каспий маңы елдерінің ғылыми орталықтарымен бірлесіп ортақ бейімделу сценарийлерін әзірлеу үшін пайдалануды, сондай-ақ спутниктік технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданатын ортақ цифрлық платформа құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Тағы бір құрал ретінде Қазақстанда құрылып жатқан Халықаралық биоалуантүрлілік қоры қарастырылуы мүмкін. Оның бағыттарының бірі — Каспийдің сирек кездесетін түрлері мен экожүйелерін, соның ішінде саны бір ғасыр ішінде бір миллионнан 270 мыңға дейін азайған каспий итбалығын қорғау.

Қазақстан бастамасының мақұлдануы Солтүстік Аралдың тәжірибесі мен ұлттық ғылыми базаға сүйене отырып, мемлекетаралық бағдарламаның мазмұнын қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік ашады. Перспективалы бағыттардың бірі — Қазақстан жағалауындағы, әсіресе теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінде және Жайық өзенінің атырауында жобалар әзірлеу. Бұл аумақтарда тайыздану айқын байқалады және «теңіз плюс өзен бассейні» тәсілін толық көлемде сынақтан өткізуге болады. Каспий күн тәртібін Атырау және Маңғыстау облыстарын ұзақ мерзімді дамыту міндеттерімен ұштастыру да маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Каспий күн тәртібі Қазақстан ілгерілетіп отырған БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасымен де табиғи түрде сабақтасады. Президент атап өткендей, су қауіпсіздігі халықаралық күн тәртібінде азық-түлік, энергетикалық және климаттық қауіпсіздік мәселелерімен қатар лайықты орын алуы тиіс. Каспий маңы мемлекеттерінің бірлескен жұмысы осы күн тәртібін өңірлік деңгейде іске асырудың айқын үлгісіне айнала алады.

Сообщение Аваза саммитінен кейінгі Каспий: ортақ бағалаудан келісілген іс-қимылға появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Жасанды интеллект саласындағы Бельгиямен ынтымақтастық: елде қалатын зерттеу құзыреттері
Айша Мұқашева,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы

Қазақстан Еуропамен ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Осы бағыттағы нақты мазмұнға ие салалардың бірі – жасанды интеллект. Сарапшылық тұрғыдан алғанда, Бельгиямен бұл саладағы ынтымақтастық ауқымымен емес, мамандануымен қызықты: бельгиялық тарап дайын өнімдерді емес, зерттеу инфрақұрылымы мен білім беру саласындағы байланыстарды ұсынады.

Біріншіден. Бельгияның университеттік және ғылыми-зерттеу әлеуеті жоғары. Бұл Қазақстанға бір реттік жобалармен шектелмей, институционалдық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. «Жасанды интеллект – жоғары білім және ғылыми зерттеулер» атты Қазақстан–Бельгия ректорлар форумы аясында Антверпен, Гент, Хасселт, Лувен, Хауэст, Лёвен және Монс университеттерімен оннан астам құжатқа қол қою көзделген. Мұндай деңгейдегі өзара іс-қимыл әдетте жылдар бойы қалыптасады және орнықты академиялық негіз қалайды.

Екіншіден. Негізгі бастамалардың бірі – Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығында математика және жасанды интеллект саласындағы бірлескен AI Math Lab зертханасын ашу. Оның Еуропалық Одақтың «Horizon Europe» бағдарламасы аясында құрылуы айрықша маңызды: бұл ниет туралы меморандум ғана емес, еуропалық зерттеу бағдарламасына кіріктірілген нақты жұмыс алаңы. Қазақстан үшін бұл еуропалық зерттеу желілеріне қол жеткізуді және бірлескен жобаларға бақылаушы ретінде емес, тең құқылы қатысушы ретінде атсалысу мүмкіндігін білдіреді.

Үшіншіден. Дарынды жастармен жұмыс істеу бағыты ерекше назар аударуға тұрарлық. Alem.AI орталығында Гент университеті табыстаған, бес Нобель сыйлығы лауреатының қолтаңбасы қойылған телескопты орнату жоспарланып отыр. Ол мектеп оқушыларымен және жасанды интеллект, ғылым мен технологиялық кәсіпкерлік саласындағы дарындарды дамытатын «Alem.AI Talent Lab» бағдарламасының қатысушыларымен жұмыс істеуге арналған. Бұл жай ғана символдық қадам емес, кадрларды ерте кезеңнен даярлаудың нақты құралы. Технологиялық стратегияларда көбіне дәл осы буын әлсіз болып жатады.

Жалпы, мұндай әріптестіктің Қазақстан үшін құндылығы қол қойылған құжаттардың санында емес, жасанды интеллект саласында отандық зерттеу базасын қалыптастыруында. «Университеттер – Horizon Europe аясындағы зертхана – дарындармен жұмыс» тізбегі дайын шешімдерді сатып алумен ғана шектелмейтін нәтижеге бағытталған: ел еуропалық зерттеу желілеріне қол жеткізіп қана қоймай, сол желілерде жұмыс істей алатын мамандарды да даярлайды. Егер бұл жүйе толыққанды іске қосылса, Қазақстан технологиялық күн тәртібінің нәтижелерін пайдаланушы ғана емес, оны қалыптастыруға қатысушы елге айнала алады.

Сообщение Жасанды интеллект саласындағы Бельгиямен ынтымақтастық: елде қалатын зерттеу құзыреттері появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Бельгия монархының Орталық Азияға тарихта алғаш рет жасаған сапарының астарында не жатыр?
Король Филипптің мемлекеттік сапары — жай ғана хаттамалық іс-шара емес, Бельгия дипломатиясы басымдықтарының өзгергенін және Қазақстан мен Бельгия арасындағы қатынастардың «шикізаттық» бағыттан технологиялық ынтымақтастыққа бет бұрғанын білдіретін белгі.

Бұл сапар «тарихи» деп аталды, өйткені ол Бельгия монархының Қазақстанға ғана емес, тұтас Орталық Азияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары болды.

Брюссельдің 110 адамнан тұратын делегациясы хаттамалық миссиямен емес, нақты уағдаластықтарға қол жеткізу мақсатымен келгенін көрсетеді. Бельгия делегациясының құрамына үкімет өкілдері, ірі компаниялардың басшылары және жетекші университеттердің ректорлары кірді. Мұндай формат Брюссельдің ниеті байыпты екенін аңғартады.

Бельгия соңғы 20 жылда Қазақстан экономикасына 15 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция салып, еліміздің ең ірі он инвесторының қатарына кіреді. Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 76 кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 580 млн доллардан асты.

Алайда басты мәселе сауда көлемінде емес, оның құрылымында. 2025 жылы Қазақстанның Бельгияға экспорты 48%-ға өсті, оның ішінде зығыр тұқымының жеткізілімі маңызды орын алды. Қазақстан қазірдің өзінде Еуропалық одаққа осы өнімді жеткізуші жетекші ел болып отыр, ал Бельгия — Еуропадағы ең ірі өткізу нарығы. Бұл шикізат экспортынан бірлескен терең өңдеуге көшуге алғышарттар жасайды.

Ынтымақтастық нақты нәтиже бере алатын бірнеше бағытты атап өтуге болады.

Біріншісі — көлік және логистика. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін бельгиялық технологиялар мен басқарушылық құзыреттерді тартуға мүдделі. Еуропадағы ең ірі логистикалық тораптардың бірі — Антверпен-Брюгге портының маңызы ерекше. Оның порт операцияларын цифрландыру, мультимодальды тасымалдар және жүк ағындарын басқару саласындағы тәжірибесі Ақтау мен Құрық порттарын жаңғыртуда пайдалы болуы мүмкін. 2026 жылғы қыркүйекте тараптар осы порттар арасында тікелей ынтымақтастық орнату, оның ішінде мамандар даярлау және «ақылды порт» технологияларын енгізу мәселелерін нақты талқылады.

Екіншісі — маңызды минералдар және өңдеу өндірістері. Қазақстанның ресурстық базасы ауқымды және Еуропалық одақ айқындаған аса маңызды шикізаттың 34 түрінің 18-ін өндіреді. Бельгияның химия өнеркәсібі, металлургиялық технологиялары және материалдарды өңдеу саласындағы құзыреттері дамыған. Шикізат саудасынан қосылған құны жоғары бірлескен өндірістер құруға көшу перспективалы бағыт болып саналады. Бұған металдарды өңдеу, өнеркәсіптік компоненттер шығару және Еуропа нарығына арналған тұрақты өндірістік тізбектер қалыптастыру кіреді.

Үшіншісі — өнеркәсіптік кооперация және инвестициялар. Қазақстанда Jan De Nul, Sarens және Ahlers Logistics сияқты бельгиялық компаниялардың болуы өзара іс-қимылды кеңейтуге негіз қалыптастырып отыр. Ең перспективалы бағыттарға инфрақұрылымдық құрылыс, машина жасау, мұнай-химия, өнеркәсіптік жабдық өндіру және заманауи инженерлік шешімдерді енгізу жатады. Өндірісті жергіліктендіруді, қазақстандық мамандарды даярлауды және технологиялар беруді көздейтін жобаларға басымдық берілуі керек.

Төртіншісі — цифрландыру және инновациялар. Астана мен Брюссельдің жасанды интеллект, өнеркәсіптік автоматтандыру, киберқауіпсіздік және қалалық инфрақұрылымды цифрлық басқару салаларындағы мүмкіндіктері бірін-бірі толықтырады. 2026 жылғы қыркүйекте бельгиялық The Beacon технологиялық орталығы мен Astana Hub арасында әріптестік орнату мүмкіндігі талқыланды. Мұның практикалық маңызы — бірлескен технологиялық жобаларды іске асыру, стартаптар алмасу, өнеркәсіп пен логистикада цифрлық шешімдерді енгізу. Бельгияның спутниктік технологиялар саласындағы құзыреттері мен Қазақстанның ғарыш инфрақұрылымы әлеуетін ескере отырып, ғарыш саласы да ерекше назар аударуға тұрарлық.

Сапардың нақты нәтижесі ұзақ мерзімді өзара іс-қимылға бағытталған бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың нақты портфелін қалыптастыру болуы мүмкін. Егер бұл уағдаластықтар нақты жобаларға ұласса, Қазақстан жай ғана инвестиция алып қоймай, ел ішінде сақталып, дамитын құзыреттерге де ие болады.

Әлішер Әбдірешев,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Еуропалық және америкалық

зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы

Сообщение Бельгия монархының Орталық Азияға тарихта алғаш рет жасаған сапарының астарында не жатыр? появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

«Вашингтон моделі» БҰҰ шартына қалай айналуы мүмкін
Диас Құмарбеков,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің
аға сарапшысы

2 қазанда Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өнеркәсіпті терең цифрлық трансформациялауға арналған Жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамп пен ірі технологиялық компаниялардың басшылары Вашингтонда қол қойған ЖИ-ді қауіпсіз әрі жауапты дамыту жөніндегі ерікті келісімді қолдады. Мемлекет басшысы «Вашингтон моделін» Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қамқорлығымен жасалатын халықаралық шарттың ықтимал негізі ретінде қарастыруды ұсынды, Қазақстанның диалог алаңы ретінде әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді және Кеңес мүшелерінен Қазақстанның халықаралық бастамасы бойынша ұсыныстарды қысқа мерзімде енгізуді сұрады. Сонымен қатар ортақ пайым желтоқсан айында Майами қаласында өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитінде таныстырылатынын түсіндірді.

«Суперинтеллект жөніндегі Ақ үй келісімі» (White House Accord on Super Intelligence) деп ресми аталған келісімге 29 қыркүйекте қол қойылды. OpenAI және Google компанияларын қоса алғанда, алты америкалық компанияның басшылары озық модельдердің айналасында ішкі мониторингтен бастап тәуелсіз сыртқы аудит пен директорлар кеңесі комитетінің қадағалауына дейінгі бақылаудың төрт деңгейін ерікті түрде қалыптастыруға міндеттеме алды. Аудиторлар, мерзімдер мен санкциялар құжатта көрсетілмеген. Дональд Трамп бұл құжатты моральдық тұрғыдан міндеттейтін құжат деп атады. Сонымен бірге құжаттың өзінде уақыт өте келе бұл қадамдарды заңдар мен реттеу тетіктері арқылы бекіту орынды болуы мүмкін деген ескерту бар.

Құжат ЖИ саласындағы ережелерді кім қалыптастырады деген пікірталас қызған кезде пайда болды. 21 қыркүйекте жиырма мемлекеттің және Еуропалық комиссияның басшылары стандарттарды белгілейтін және олардың сақталуын қамтамасыз ететін халықаралық институт құру мүмкіндігін зерделеуге шақырды. Қазақстан бұл декларацияға қол қойды, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш оны құптады, ал АҚШ пен Қытай оған қосылған жоқ. Келесі күні Дональд Трамп Бас Ассамблеядағы сөзінде Вашингтонның ЖИ-ді жаһандық бақылау жүйесін құру әрекеттерін қабылдамайтынын мәлімдеді. Бірнеше күннен кейін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Вашингтонға мемлекеттік сапары барысында АҚШ пен Қытай ЖИ-ге қатысты инциденттер бойынша байланыс арнасын құруға келісті. Екі держава инциденттер туралы ақпарат алмасуды қабылдады, алайда оны екіжақты форматта және БҰҰ-дан тыс жүргізуге уағдаласты.

Вашингтон құжатына қатысты бағалар әртүрлі болды. Оған қол қойғандар оны маңызды қадам деп санайды, ал бұған дейін Ақ үйде ЖИ саясатына жауапты болған Дэвид Сакс бұл құжатты, оның пікірінше, ешқашан жүзеге аспауы мүмкін халықаралық келісімнен әлдеқайда тиімді шешім деп атады. Конгрестегі және ғылыми ортадағы сыншылар компаниялар қағидаттарды өздері әзірлеп, аудиторды да өздері жалдайтынын, ал оның орындалуы ешқандай тетікпен қамтамасыз етілмегенін алға тартады. Меніңше, Азия қоғамы институтының өкілі Элвин Грейлиннің бағасы барынша нақты. Оның пікірінше, бұған дейін реттеуге қарсылық білдірген Meta және Nvidia компанияларының басшылары міндеттемелерді қабылдағанының өзі жетістік. Алайда ол құжатта тәуелсіз тексеру тетігі жоқ екенін және бір елдің шегінен тыс қолданылатын ешқандай механизм қарастырылмағанын атап өтеді.

Президенттің ұсынысы дәл осы екінші олқылықтың орнын толтырады және мен оның негізгі артықшылығын осыдан көремін. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттердің міндеттемелері арқылы қалыптасады, ал компаниялардың уәдесі оның орнын баса алмайды. Қыркүйектегі декларацияға қол қойған Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен жасалатын шарттың негізі ретінде америкалық құжатты алуды ұсынып отыр. Осылайша, бір апта бұрын бір-біріне үйлеспейтін болып көрінген екі тәсілді біріктіреді. АҚШ Президентінің қолы қойылған құжат Вашингтонға талқылаудан бас тартуға аз мүмкіндік қалдырады, ал заңдар мен реттеу туралы ескерту шартты келісімнің жалғасы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге тұжырым ұсыныс сипатында қалып отыр. Мемлекет басшысының айтуынша, келісім «сарапшылар мұқият зерделегеннен кейін барлық мүдделі елдер тарапынан модель ретінде қарастырылуы мүмкін». Бұл АҚШ-тан тыс әзірлеушілерге, ең алдымен қытайлық компанияларға да орын қалдырады. Өйткені олардың қатысуынсыз ережелер нарықтың тек бір бөлігін ғана қамтиды.

БҰҰ алаңында мұндай диалог үшін ғылыми негіз де, тиісті формат та бар. 2025 жылғы 26 тамыздағы Бас Ассамблеяның 79/325 қарарымен 40 сарапшыдан тұратын ЖИ жөніндегі Тәуелсіз халықаралық ғылыми топ және ЖИ-ді басқару жөніндегі Жаһандық диалог құрылды. Оның алғашқы сессиясы шілде айында Женевада өтті. Қазіргі таңда бұл екі тетік те нақты ережелер белгілемейді және олардың келіссөздерге арналған дайын мәтіні жоқ. Қазақстанның бастамасы оларға жұмыс істеуге нақты тақырып бере алады.

Қазақстанның диалог алаңы болуға дайындығының нақты тәжірибелік негізі бар. 2017 жылдан бері Астанада Сирия мәселесін реттеу жөніндегі халықаралық кездесулер өтті, ал 2024 жылғы мамырда Алматы Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлерінің келіссөздерін қабылдады. ЖИ саласындағы бағыт та осыған ұқсас жүйелі сипатқа ие. Шілде айында Шанхайда Президент ЖИ-ді реттеу мен стандарттау бойынша тұрақты сараптамалық платформа құруға шақырды, ал 1 қыркүйекте «ШЫҰ плюс» саммитінде әртүрлі орталықтар арасындағы диалогқа ықпал ете алатын орта державалар туралы айтты. Вашингтон құжатын қолдау осы бағытты толықтырады, өйткені ЖИ ережелері жөніндегі келіссөздер алаңына технологиялық екі орталықтың да сенімі қажет.

Бұл бастама отырыстың тақырыбымен де тікелей байланысты. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылы ЖИ технологияларын 5,1 мың кәсіпорын немесе есеп берген кәсіпорындардың 3,4%-ы қолданған. Ал Президент жаңа технологиялар өндірісті басқару жүйелеріне интеграциялануы тиіс екенін атап өтті. Модель технологиялық желіге қол жеткізген кезде оның қауіпсіздігі технологияны сатып алудың міндетті шартына айналады. Тапсырыс беруші жүйенің қандай сынақтардан өткенін және ақау орын алған жағдайда бұл туралы кім хабарлайтынын білуі керек. Ал импорттық модельдің ішкі құрылымын ол көре алмайды. Отырыста Мемлекет басшысы өндірістік жағдайлар ұқсас болған кезде әр кәсіпорында сынақтардың толық циклін қайталаудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Менің ойымша, халықаралық шарт технологияларды сыртқы саудада сатып алатын елдер үшін де осындай мүмкіндік берер еді. Келісілген ережелер бойынша мойындалған аудит тапсырыс берушіні әр модельге жеке сараптама жүргізу қажеттілігінен босатар еді.

Қазақстан G20 құрамына кірмейді және 14–15 желтоқсанда өтетін саммитке қонақ ретінде шақырылды. Жаңа технологиялар АҚШ төрағалығының үш басым бағытының бірі болып табылады, сондықтан қабылдаушы тараптың құжаты негізіндегі бастама оның күн тәртібіне сәйкес келеді. Мемлекет басшысының шілде айында Шанхайда айтқан «Ешбір ел тек ЖИ тұтынушысы болып қалмауы тиіс» деген сөзі бұл жерде практикалық жалғасын табады. Желтоқсан айына дейін дайындалған мәтін саммиттен кейін де қажет болады, өйткені БҰҰ-ның Жаһандық диалогының екінші сессиясы 2027 жылғы мамыр айында Нью-Йоркте өтеді.

Сообщение «Вашингтон моделі» БҰҰ шартына қалай айналуы мүмкін появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды
Жанна Булхаирова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің
бас сарапшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп пен ірі технологиялық компаниялардың басшылары қол қойған жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз әрі жауапты дамыту жөніндегі келісімді қолдап, оны жаһандық деңгейде енгізу үшін модель ретінде қарастыруды ұсынды. Президенттің пікірінше, «Вашингтон моделі» БҰҰ қамқорлығымен жасалатын халықаралық шарттың негізіне айналуы мүмкін. Бұл ұсыныс жасанды интеллектіні дамыту үшін жауапкершілікті бөлу мәселесін күн тәртібіне шығарады.

Бұл мәлімдеме Ақордада өткен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысында айтылды. Отырыстың негізгі тақырыбы өнеркәсіп секторын терең цифрлық трансформациялау болды. Мемлекет басшысы жаңа цифрлық дәуірде ЖИ тез арада бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының біріне айналып келе жатқанын атап өтті. Бұл тұрғыда ішкі күн тәртібі (ЖИ-ді өнеркәсіпке енгізу) мен сыртқы күн тәртібі (қауіпсіздіктің ортақ ережелерін әзірлеу) өзара байланысты: технологиялар нақты секторда неғұрлым кең қолданылған сайын, тәуекелдерді бағалаудың бірыңғай тәсілдеріне деген қажеттілік те арта түседі.

Президент мұндай қадамның шарты ретінде келісімді барлық мүдделі елдердің сарапшылары мұқият зерделеуі қажет екенін атап өтті. Бұл тәсіл орынды болып көрінеді. Бір компанияның шешімдері әртүрлі мемлекеттерде қолданылған кезде ықтимал қателердің салдары жекелеген пайдаланушымен қарым-қатынас шеңберінен шығып кетеді. Тәуекелдерді кім бағалайтыны, әзірлеушілер қандай ақпарат ұсынуы тиіс екені және қауіп анықталған жағдайда қандай әрекет жасалатыны жөнінде келісім қажет.

Трамп бастамасының практикалық маңызы қауіпсіздік қағидаттарының ЖИ-дің озық жүйелерін тікелей әзірлейтін компаниялармен келісілгенінде. Келісім бақылаудың төрт деңгейін қарастырады: модельдерді тексерудің ішкі рәсімдері, осы рәсімдерді тексеретін жеке команда, тәуелсіз сыртқы бағалау және директорлар кеңесі комитетінің қадағалауы. Сонымен қатар қауіпсіздік стандарттарын әзірлеу үшін қатысушылардың тұрақты кездесулері көзделген. Мұндай құрылым жауапкершілік мәселесін компанияның ішкі жүйесіне енгізеді: анықталған мәселе техникалық маманнан оны жою туралы шешім қабылдай алатын басшылыққа дейін жеткізілуі тиіс.

Қазақстан үшін бұл бастаманың маңызы, ең алдымен, ережелерге бейімделіп қана қоймай, оларды қалыптастыруға қатысу мүмкіндігінде. Цифрлық даму деңгейі орташа ел үшін бұл маңызды: егер ЖИ қауіпсіздігі стандарттарын қатысушылардың шағын тобы әзірлейтін болса, олар озық модельдерді жасамай, негізінен технологияларды пайдаланатын мемлекеттердің мүдделерін ескермеуі мүмкін. Қазақстанның диалог алаңы болуға дайын екені және Майамида өтетін G20 саммитінде ортақ пайымды таныстыруы осы елдер тобының ұстанымын талқылауға енгізуге мүмкіндік береді.

Бұл бастама ұлттық нормативтік базаға да сәйкес келеді. Елде 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы және жасанды интеллект туралы заң қолданыста, сондай-ақ осы салаға жауапты уәкілетті орган айқындалған. Тексеруге болатын қауіпсіздік қағидаттарына негізделген халықаралық модель ұлттық нормаларды жаһандық тәсілдермен үйлестіруге және Қазақстандағы реттеу мен елде қолданылатын шешімдерді әзірлейтін халықаралық компаниялардың тәжірибесі арасындағы құқықтық алшақтық қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл инвестициялық ахуал үшін де маңызды: Қазақстан есептеу инфрақұрылымын дамытып, технологиялық жобаларды тартуда, ал серіктестер үшін болжамды әрі салыстырмалы ережелер маңызды. Бірыңғай талаптарды әзірлеуге қатысу инвесторлардың сенімін арттырып, елдің қуаттарды және пилоттық жобаларды орналастыру үшін сенімді юрисдикция ретіндегі позициясын нығайтады.

Модель Кеңестің үшінші отырысының тақырыбы үшін де ерекше маңызға ие. Өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы ЖИ-ді қателік тек қаржылық емес, өндірістік тәуекелдерге де әкелетін процестерге енгізуді көздейді. Бұл – энергетика, тау-кен металлургия кешені, көлік және логистика кәсіпорындары. Көпдеңгейлі бақылау қағидаттарын, яғни ішкі тексерулерді, тәуелсіз бағалауды және басқарушылық жауапкершілікті өнеркәсіптік ЖИ жүйелеріне қойылатын салалық талаптар түрінде бейімдеу орынды.

Бұл мүмкіндіктерді іске асыру ішкі жұмысты талап етеді. Сыртқы бағалау модельдерді тестілеуге және компаниялардың рәсімдерін тексеруге қабілетті мамандар болған жағдайда ғана тиімді. Сондықтан кадрлар даярлауға және университеттер мен зерттеу орталықтары базасында тәуелсіз техникалық сараптаманы дамытуға назар аудару орынды. Қауіпсіздіктің жалпы қағидаттарын өнеркәсіп, қаржы, мемлекеттік қызметтер және тәуекелі жоғары басқа да секторларға арналған практикалық стандарттармен толықтыру қажет. Жүйелердегі ақаулар мен қауіпті мінез-құлық туралы хабарлау тәртібін түсінікті етіп, әзірлеуші, оператор және реттеуші арасындағы жауапкершілікті нақты бөлу де пайдалы болар еді.

Келісімнің ерікті сипатта болуы да ерекше назар аударуды қажет етеді. Қол қою қағидаттар жөніндегі уағдаластықты бекітеді, ал нәтиже оның кейінгі орындалуына байланысты. Сондықтан халықаралық бастаманы әзірлеу кезінде верификация, аудиторлардың тәуелсіздігі, олардың қорытындыларына қолжетімділік және елеулі бұзушылықтардың салдары мәселелерін пысықтау маңызды.

Осылайша, «Вашингтон моделін» қолдау Қазақстанға ішкі цифрлық трансформацияны сыртқы бастамамен ұштастыруға мүмкіндік береді: нақты секторда ЖИ енгізуді жеделдету және сонымен қатар оны қауіпсіз пайдаланудың халықаралық ережелерін қалыптастыруға қатысу. Сарапшылар қауымдастығының алдында тұрған басты мәселе – осы тәсілдің қандай элементтері халықаралық деңгейде жұмыс істей алатынын анықтау.

Сообщение Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Мемлекет басшысының Трамптың Суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдауы – бұл тек сыртқы әлемге ғана емес, Қазақстан қоғамына да берілген сигнал
Нұрдәулет Затилла,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
саяси зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысында Президент сарапшылар пысықтағаннан кейін «Вашингтон моделін» БҰҰ қамқорлығымен жасалатын халықаралық шарттың негізіне айналдыруды, ал Қазақстанды осы мәселелер бойынша диалог алаңы ретінде ұсынды.

Сараптамалық тұрғыдан алғанда, мұндай ұстанымның бірнеше алғышарты бар.

Біріншіден. Қазақстан үшін ЖИ әлдеқашан абстрактілі технология болудан қалды. Ол мемлекеттік қызметтерде, банк секторында және денсаулық сақтау саласында қолданыла бастады. Ұлттық Alem.Cloud суперкомпьютерлік кластері іске қосылды, Екібастұзда деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құру жұмыстары жүргізілуде, ал өткен жылы қазақстандық IT-қызметтердің экспорты 1 млрд доллардан асты. Алайда ЖИ күнделікті өмірге неғұрлым терең енген сайын, оның қателігінің құны да соғұрлым жоғары болады. Сондықтан ЖИ қауіпсіздігі – азаматтардың мемлекетке деген сенімі мәселесі. Егер алгоритм адамға қатысты шешім қабылдауда қателессе, оның алдында американдық компания емес, жергілікті басқару жүйесі жауап береді.

Екіншіден. Мемлекет басшысының ұстанымы соңғы жылдардағы ішкі күн тәртібімен үндеседі. Цифрлық технологияларды пайдалану кезінде жеке деректерді қорғау жаңа Конституцияда бекітілген. Цифрлық кодекс және ЖИ туралы бөлек заң қабылданды. Қазақстан өңірде осы саланы өз ішінде реттеуді алғашқылардың бірі болып бастады, енді жаһандық ережелерді қалыптастыруға бақылаушы ретінде емес, белсенді қатысушы ретінде атсалысуға дайын. Енді Президент ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңес мүшелеріне Қазақстанның халықаралық бастамасы бойынша нақты ұсыныстарды қысқа мерзімде енгізуді тапсырды, ал ортақ пайым желтоқсан айында АҚШ-тың Майами қаласында өтетін G20 саммитінде таныстырылады.

Үшіншіден. Президенттің негізгі ескертпесі – «сарапшылар мұқият зерделегеннен кейін». Вашингтон келісімі ерікті сипатқа ие, яғни онда мәжбүрлеу тетігі жоқ және оған тек америкалық компаниялар қол қойған. Жаһандық модельге айналу үшін құжатты жетілдіру қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы БҰҰ қамқорлығымен жасалатын шарт туралы айтып отыр – бұл әрбір елдің өз дауысы болатын формат. Президент атап өткендей, ЖИ тәуекелдері ұлттық шекаралардан асып түседі және мемлекеттер мен бизнестің үйлестірілген іс-қимылын талап етеді. Демек, бұл талқылауда технологияларды тек жасайтын елдердің ғана емес, оларды пайдаланатын мемлекеттердің де мүдделері ескерілуі маңызды.

Жалпы алғанда, ЖИ жарысындағы басты мәселе қай модельдің өзгелерден озып кеткенінде емес, олардың салдары үшін кім және қалай жауап беретінде. Қазақстанның ұсынысы дәл осы мәселеге қатысты – компаниялардың ерікті міндеттемелерін барлығына ортақ ережелерге айналдыру. Ел оларды әзірлеу процесіне неғұрлым ертерек қосылса, әлемдік технологиялық алпауыттардың біздің азаматтарымыз бен отандық компанияларымыздың мүдделерін ескеру мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Сообщение Мемлекет басшысының Трамптың Суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдауы – бұл тек сыртқы әлемге ғана емес, Қазақстан қоғамына да берілген сигнал появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Тоқаев БҰҰ қамқорлығымен ЖИ-ді жаһандық реттеу үшін «Вашингтон моделін» қолдануды ұсынды
Бүгін Ақордада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасын – ірі технологиялық компаниялардың басшыларымен ЖИ-ді қауіпсіз әрі жауапты дамыту жөніндегі ерікті келісімді қолдады. Мемлекет басшысы сараптамалық тұрғыдан мұқият зерделегеннен кейін «Вашингтон моделін» БҰҰ қамқорлығындағы халықаралық шарттың ықтимал негізі ретінде қарастыруды ұсынды.

Бұл ұсыныстың стратегиялық маңызы зор. Технологияларды әзірлеу жекелеген елдер мен компанияларда шоғырланғанымен, оларды қолданудың салдары мен соған байланысты тәуекелдер ұлттық шекаралардан әлдеқайда асып түседі. Сондықтан ЖИ-ді қауіпсіз дамыту мемлекеттер мен технологиялық бизнес тарапынан келісілген ұстанымдарды талап етеді. Тоқаевтың бастамасы Вашингтон келісіміне қатысушылардың ерікті міндеттемелерінен халықаралық ережелердің неғұрлым кең жүйесіне көшу перспективасын ашады.

Қазақстан сындарлы диалог жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын. Кеңес мүшелеріне елдің халықаралық бастамасы бойынша нақты ұсыныстарды қысқа мерзім ішінде әзірлеу тапсырылды. Ортақ ұстаным биыл желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылады. Осылайша Қазақстан жаһандық технологиялық дамудың шарттарын айқындайтын ережелерді қалыптастыруға қатысуға дайын екенін білдіреді.

Бұл дипломатиялық бастаманың ішкі экономикалық күн тәртібімен тікелей байланысты екені маңызды. Отырыстың негізгі тақырыбы өнеркәсіпті терең цифрлық трансформациялау болды. Президент келтірген 2026 жылғы БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі есебінің деректеріне сәйкес, ЖИ әлемдік экономиканы өзгертетін бес трансформациялық мегатрендтің қатарына енді. Соңғы бес жылда ЖИ-ге байланысты патенттерге өтінімдердің жалпы көлеміндегі үлесі шамамен үш есеге өсті. Бәсекеге қабілеттілік барған сайын кәсіпорындардың технологияларды жедел енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру қабілетіне байланысты болып отыр.

Қазақстан үшін бұл – нақты міндет. Сегіз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 46 трлн теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібі 8,4%-ға өсті. Өсімнің жоғары қарқынын сақтау еңбек өнімділігін арттыруды, кәсіпорындарды жаңғыртуды және қосылған құны жоғары өнім шығаруды кеңейтуді талап етеді. ЖИ енгізудің негізгі өлшемі де дәл осындай экономикалық нәтиже болуы тиіс.

Президент фрагменттелген цифрландыру мәселесін анықтады: жекелеген операцияларды автоматтандыру көбіне өндірістің бұрынғы моделін сақтап қалады. Сондықтан Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, табысты шешімдерді кейіннен ауқымдау үшін негізгі бизнес-процестерді ЖИ негізінде кешенді трансформациялауға болатын кәсіпорындарды айқындау тапсырылды.

Ғылым мен өндірістің тікелей байланысына да ерекше назар аударылды. Qazaq AI Research University зерттеу бағдарламасы экономиканың нақты қажеттіліктеріне негізделуі тиіс. Өзекті міндеттерді күн сайын жабдықтардың тоқтап қалуын, өндірістік шығындар мен ақауларды көріп жүрген инженерлердің, технологтардың, шеберлер мен операторлардың қатысуымен анықтау қажет. Технологиялық командалар үшін міндетті қоюдан және деректерге қолжетімділіктен бастап кәсіпорында сынақтан өткізу мен экономикалық тиімділікті бағалауға дейінгі толық жолды қалыптастыру көзделіп отыр. Тексерілген шешімдер артық келісулер мен ұқсас жағдайларда қайта сынақтан өткізусіз коммерциялық қолданысқа тезірек енгізілуі тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда, «Вашингтон моделін» қолдау технологиялық жаңғыртудың ұлттық бағдарламасын толықтырады. ЖИ өндіріс пен басқару жүйесіне неғұрлым терең енгізілген сайын, бұл технологияларға деген сенімнің, қауіпсіздік пен оларды қолдану жауапкершілігінің маңызы арта түседі. Қазақстан үшін ЖИ-ді дамыту ережелері жөніндегі халықаралық диалогқа қатысу өзінің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін нығайту жұмысының бір бөлігіне айналып отыр.

Жанар Тулиндинова,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ медиажобалар бөлімінің басшысы

Сообщение Тоқаев БҰҰ қамқорлығымен ЖИ-ді жаһандық реттеу үшін «Вашингтон моделін» қолдануды ұсынды появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.