
Хафизова К.Ш. XVIII-XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы. Монография. – Астана: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2022. – 488 б.
Монография ХVIII-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығындағы дипломатия тарихына арналған. Кітапта қазақ билеушілерінің үш ұрпағының өмірбаяны арқылы олардың екі жүз жылдық дипломатиялық келбеті сипатталады. Халықаралық қатынастардың күрделі кезеңінде қазақ мемлекеттілігін, Ресей империясының Қазақ хандығын жойғаннан кейін елдің аумақтық тұтастығы мен ұлттық бірлігін сақтаудағы үздіксіз әрекеті дәлелді баяндалады. Сонымен бірге сол кездегі әйгілі саяси тұлғалардың өмірбаянына түзету енгізіліп, жаңа есімдер мен тарихтың жаңа беттері ашылады. Кітапта Хандықтың дипломатиялық әрекеттеріндегі батырлар мен басқа да старшындар рөліне көп көңіл бөлінген. Ресей, ҚХР және қазақ тарихында алғаш рет Тайвань мұрағаттарының материалдары мен құжаттары, сондай-ақ қазақтың тарихи аңыздары мен рулардың шежірелері қолданылды.
Бұл басылым «Степные властители и их дипломатия в XVIII-XIX веках. – Нур-Султан, 2019» кітабының орыс тіліндегі нұсқасының аудармасы.
Кітап ғалымдарға, оқытушылар мен студенттерге, Қазақстан тарихына және Орталық Азия аумағының халықаралық қатынастарына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.