Skip to content
Басты бет » Қазақстан мен Вьетнамның сараптамалық ынтымақтастығының болашағы талқыланды

Қазақстан мен Вьетнамның сараптамалық ынтымақтастығының болашағы талқыланды

2026 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында вьетнамдық делегациямен кездесу өтті. Делегацияны «Communist Review» журналы бас редакторының орынбасары Нгуен Нгок Ха бастап келді.

Қазақстан тарапынан кездесуге ҚСЗИ директорының орынбасары Даурен Әбен, Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев және Институт сарапшылары қатысты.

Кездесуде Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жайы мен болашағы, екі ел арасындағы байланысты дамыту жөніндегі ұстанымы және сарапшылар арасындағы әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Қазақстанның экономикалық дамуы, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және сыртқы саясаты жөніндегі стратегиялық мәселелер де сөз болды.

Тараптар халықаралық ахуалдағы өзгерістердің Орталық Азияға қалай әсер ететіні жөнінде пікір алмасты. Осы орайда Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы байланысты нығайту мүмкіндіктері қарастырылды.

Тараптар зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесіне ерекше тоқталды. Алдағы уақытта басылымдар, мақалалар және сарапшылар алмасу, сондай-ақ екіжақты қатынастар мен өңірлік даму тақырыбында бірлескен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы ынтымақтасу мүмкіндігі қаралды.

Дайджест жаңалықтарына жазылу