Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Құрылымдық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның өңірлік дамуы: талдау және шешімдер – 2026» Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасына қатысушыларды конкурстық іріктеу нәтижесін жариялады.
Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуір мен 31 мамыр аралығында қабылданды. Жас зерттеушілер мен талдаушылардың бағдарламаға қызығушылығы бұл бастаманың елімізде жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. Қазақстанның түрлі өңірлерінен 60-тан астам өтінім келіп түсті. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысуға 47 кандидат ұсынылды.
Бағдарлама қоғамдық ғылымдар саласындағы жас отандық зерттеушілерді қолдауға, сондай-ақ олардың сараптамалық-талдамалық және ғылыми-зерттеу бағытындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Бағдарлама аясындағы оқу курсы екі негізгі модульден тұрады. Алғашқы төрт аптада қатысушылар жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен әдіснамалық тренингтерге, семинарлар мен шеберлік сабақтарына қатысады. Сегіз аптаға созылатын екінші кезеңде қатысушылар жеке менторлардың жетекшілігімен өздерінің аналитикалық баяндамаларын әзірлейді.
Қатысушылардың үштен екісінен астамын әйелдер құрайды (64,6%). Бұл әйелдердің сараптамалық-талдамалық қызмет пен ғылыми зерттеулерге белсенді араласып отырғанын көрсетеді.
Бағдарлама қатысушыларының орташа жасы — 32,8 жас. Қатысушылар арасында 35–40 жас аралығындағы топтың үлесі жоғары (37,5%). Одан кейін 30–34 жас аралығындағы мамандар (35,4%) келеді. 30 жасқа дейінгі жас сарапшылар қатысушылардың 27,1%-ын құрайды.
Бағдарламаның географиясы еліміздің түрлі өңірлерін қамтиды. Қатысушылардың басым бөлігі Астана (43,8%) және Алматы (22,9%) қалаларынан. Сондай-ақ бағдарламаға Алматы облысы, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қонаев, Талдықорған, Теміртау және Екібастұздан сарапшылар қатысады.
ҚСЗИ конкурстық іріктеуден сәтті өткен қатысушыларды құттықтап, оларға нәтижелі жұмыс, жаңа кәсіби жетістіктер және зерттеу жобаларын табысты жүзеге асыруды тілейді.
| Аты-жөні | Өңір |
| Абенов Данияр Едельханович | Қостанай |
| Абилов Саламат Канибайулы | Ақтөбе облысы |
| Аймухамбетов Тимур Талгатович | Астана |
| Алимханова Динара Кайратовна | Астана |
| Амангельдина Аида Талғатқызы | Астана |
| Арыстанбек Айзат Асқарбеқызы | Астана |
| Ауелбек Мурат Ауелбекұлы | Талдықорған |
| Ашимова Молдир Ерболатовна | Қызылорда |
| Байболов Алибек Уалиханович | Алматы |
| Бақыт Балдаурен Хасенқызы | Алматы облысы |
| Бекболат Адилбек | Астана |
| Василова Мунира Маркеновна | Астана |
| Демеуов Нұржан Болатұлы | Астана |
| Дмитриева Алена Сергеевна | Астана |
| Дюсенов Нурзат Талғатұлы | Алматы облысы |
| Екибасова Жадыра Маратовна | Алматы |
| Жагалбаев Болат Талгатович | Алматы |
| Жампетова Айгерим Оралбековна | Алматы |
| Жаукарова Жанна Бегимбековна | Астана |
| Жунусова Зауре Ахметовна | Астана |
| Иманғали Шапағат Иманғалиұлы | Астана |
| Истаева Шолпан Хаирбековна | Астана |
| Казтаева Адина Нагашибаевна | Ақтау |
| Канатова Алия Талгатовна | Қарағанды |
| Карибаева Инара Куатовна | Астана |
| Кенебаева Айнур Сейтбатталовна | Алматы |
| Куатбаева Акмарал Алихановна | Алматы |
| Күздеубай Бибігүл Манарбекқызы | Қонаев |
| Қалыбекова Енлик Мураткызы | Астана |
| Махметов Асхат Ерикович | Астана |
| Мираспеков Санжар Ниязбекович | Қостанай |
| Мылтыкбаева Айгуль Тауарбековна | Алматы облысы |
| Омарова Айшат Ниязбековна | Алматы |
| Отарбаева Бақытжан Баймаханқызы | Астана |
| Полякова Александра Игоревна | Павлодар облысы |
| Рахимжанова Гульнур Кумаровна | Астана |
| Саурбаева Гаухар Кайратовна | Астана |
| Смагулов Айболат Доскалиевич | Қызылорда |
| Смағұлова Айгерім Серікқызы | Астана |
| Темірханов Аслан Мəденханұлы | Алматы |
| Тлеугазина Диана Еркеновна | Алматы |
| Тургумбаева Жанна Аманбаевна | Теміртау |
| Тұралин Есенғазы Мұхаметжанұлы | Алматы |
| Хангелдиев Абылайхан Ескелдіұлы | Астана |
| Цой Радмила Тимсоновна | Алматы |
| Шамсудинова Розалия Вадимовна | Алматы |
| Шарифов Алжан Нурланович | Астана |


