Қазақстан үшін мемлекетті кезең-кезеңімен демократияландыру процесі – ұлттық мүддемен қатар халықаралық деңгейдегі беделінің де бірден бір көрсеткіші

Bektenova-3

Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған Президенттің Жолдауы халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді қамтып, мемлекетті тиімді дамытуға бағытталған саяси реформалардың жаңа топтамасын айқындады.

Елімізде қантарда орын алған қасіретті жағдайдың салдары, ұзақ жылдар бойына халық арасында өсіп келе жатқан наразылық,  оның үстіне бүкіл әлемді сілкіндіріп жатқан геосаяси ахуалдың күрделенуі мемлекетіміз үшін түбегейлі өзгерістер мен реформалардың қажеттілігін ерекше көрсетуде. Ол өзгерістерсіз ары қарай даму мүмкін емес. Бұл қайтымсыз үдеріс. Және де оны қазіргі билік өкілдері де, жалпы қоғам да жақсы түсінуі қажет. Сонымен қатар алға қойылған бастамалардың ауқымы мен ірілігі олардың қысқа мерзімде толығымен аса қойматынын аңғартады. Әсіресе Конституцияның 30 бабы бойынша өзгерістер еңгізілетінін ескеретін болсақ, мемлекеттің саяси институттарының алдында кең көлемді, жүйелі заңшығарушы және құқықтық жұмыстың тұрғаны мәлім.

Бұл реформалардың тек реформалар үшін жасалмағанының айқын белгісі – біріншіден, саяси реформалардың жүйелілігі және бірізділігі, яғни осыған дейін басталып кеткен реформалардың 4 топтамасының қисынды жалғасы, тек одан да ірі ауқымда. Екіншіден,  өзгерістерді билік алдымен өзінен бастағаны. Суперпрезиденттік билік формасынан бас тартып, Парламенттің, оның ішінде Мәжілістің нығайюына, жергілікті өзін өзі басқару жүйесін жетілдіруіне бел буған бастамалар биліктің орталықсыздандыруына апаратын нақты жолдардың бірі.

Келесі маңызы жоғары мәселе – ол мемлекетті демократизациялау. The Economist  британ журналының The Economist Intelligence Unit талдау бөлімнің зерттеушілері ұсынған демократия деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 167 елдің ішінде 3,14 индексімен тек 128 орынды иеленді. Бұл көрсеткіш өз кезегінде авторитарлы режимдердің деңгейіне сәйкес келеді. Индексті есептеу барысында мемлекет ішіндегі демократияның деңгейін сайлау процесі және плюрализм, үкіметтің қызметі, саяси қатысу, саяси мәдениет және азаматтық бостандықтар секілді параметрлерге сәйкес тәуелсіз сарапшылар мен қоғам пікіріне сүйеніп бағалайды.

Сондықтан Қазақстан үшін мемлекетті кезең-кезеңімен демократияландыру процесі – ұлттық мүддемен қатар халықаралық деңгейдегі беделінің де бірден бір көрсеткіші.

Сол себепті сайлау процесін жаңғырту мен цифрландыру, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, саяси партияларды тіркеу тетіктерін жеңілдету, алқабилер сотын дамыту, азаматтар құқықтарын қорғау жөнінде Жолдауда аталған міндеттердің тиімді орындалуын жіті қадағалау аса маңызды болып тұр.

Жолдаудағы жаңа реформалар топтамасының барлығы дерлік осыған дейін өткізіліп жатқан ашық эксперттік алаңдарда, кеңестер мен комиссиялардың отырыстарында талқыланып, сондай-ақ жалпы халық арасынан шығып жатқан ұсыныстар мен пікірлерінен жинақталып пысықталғанын айтып кету жөн. Мәселен, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бастамасымен осындай эксперттік талқылаулар кеңінен өткізіліп, сарапшылардың пікірлері ескерілгенін аңғарып отырмыз. Бұл үрдіс мемлекеттің бұдан былай барлық демократиялық принциптерге сәйкес қоғам белсенділерінің, маман-сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтардың пікірін есепке ала отырып, билік пен халық арасындағы шынайы диалог орнатудың жалғасына айналу қажет. Осы орайда жаңадан құрылатын Ұлттық құрылтайдың еліміздегі демократиялық процесстерді ілгерілетуші ретіндегі маңызы артады.

Маңыздысы Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жолында бүгін қойған міндеттерді тек қолпаштап қана қоймай, оларды бүкіл ел болып мардымды іске асырудың жолдарын қарастыру.

Мадина Бектенова,  Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке