Қазақстанның Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастығы

-Центральная-Азия

Азия елдері бірқатар объективті себептерге байланысты сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша географиялық тұрғыдан Қазақстанның экономикалық әріптестерінің арасында жетекші орындардың бірін алады. Бұл ретте, сыртқы сауда бөлігінде бұл елдер жетекші позицияға ие – 2020 жылдың қорытындысы бойынша Азия елдері (ТМД елдерін қоспағанда), еуропалық мемлекеттер мен ТМД елдерінің үлесінен асып түсетін Қазақстанның сыртқы саудасындағы ең жоғары үлес салмағына ие болды.

Азия мемлекеттерінің рөлі Қазақстанның халықаралық экономикалық ынтымақтастығының сауда және инвестициялық салаларында ғана жоғары емес, олардың үлес салмағы 14%- дан 43%-ға дейінді (2020 жылдың соңында) құрай отырып сыртқы экономикалық өзара іс-қимылдың барлық салаларында да айтарлықтай (1-сурет).

-1_каз

1-сурет. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жекелеген салалардағы Қазақстанның Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастығының көрсеткіштері.  [1]

Келтірілген деректерден көрініп тұрғандай, Қазақстанның өңір елдерімен экономикалық ынтымақтастығының негізгі салалары тауарлармен сыртқы сауда және инвестициялық ынтымақтастық болып табылады. Сыртқы сауда экономикалық өзара қатынастардың негізгі түрі ретінде ынтымақтастық беталысын анықтау үшін ең маңызды болып табылады. Соңғы онжылдықтардағы тауар айналымының динамикасын талдау 1995 жылдан бастап 2020 жылға дейін 16,5 есе (1 919-дан бастап 31 707 млн. дейін) өскен осы көрсеткіш көлемінің айтарлықтай өсуін ғана көрсетіп қоймайды. 2-суретте көрсетілген бұл динамика жалпы сыртқы сауда көлемімен салыстырғанда Қазақстанның азия мемлекеттерімен (ТМД елдерін есепке алмағанда) сыртқы саудасының озыңқы өсуін көрсетеді, бұл соңғы жиырма жыл ішінде азия елдерінің жалпы көлеміндегі үлес салмағының үдемелі өсуінен көрінеді.

-2_каз

2-сурет. Қазақстанның Азия елдерімен тауар айналымы көлемінің және оның сыртқы сауданың жалпы көлеміндегі үлес салмағының динамикасы. [2]

Қазақстанның сыртқы саудасының көлемі 1995 жылдан бастап 2020 жылға дейін 9,5 есе, ал Азия елдерімен сауда – 16,5 есе өсті; қазақстандық экспорттың көлемі жалпы 9,1 есе, ал Азия елдері – 17,7 есе өсті; Қазақстан импорттайтын тауарлардың көлемі 10,2 есе, ал Азиядан келетін импорт көлемі – 15,3 есе өсті.

Азия елдерінің арасындағы Қазақстанның сыртқы сауда бойынша 2%-дан астам үлесі бар негізгі серіктестері 3-суретте көрсетілген. Жылдық тауар айналымының үлкен көлемі бөлігінде Қазақстанның негізгі сауда серіктесі   басқа жетекші азиялық контрагенттерден үлкен қол үзушілікпен көшбасшы болып келе жатқан ҚХР болып табылады. Сондай-ақ, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанмен сауда көшбасшылары қатарында Оңтүстік Корея, Түркия, Өзбекстан және Үндістан бар.

-3_каз

3-сурет. 2020 жылы Қазақстанның Азиядан келетін  негізгі сауда серіктестерінің тауар айналымының көлемі мен үлес салмағы.[3]

Жалпы алғанда үлес салмағы екі проценттен асатын сегіз елге Азия елдерімен сауданың 90,5% келеді, бұл дәл осы мемлекеттер Қазақстанның шығыс бағыттағы барлық сыртқы саудасын білдіреді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның құрлық мемлекеттерімен сыртқы экономикалық ынтымақтастығының басқа бір негізгі бағыты, негізінен елге шетелдік инвестицияларды тарту бөлігінде инвестициялық болып табылады. Шетелдік инвестициялардың көзі ретіндегі белгілі бір елдердің рөлі олардың жинақталған көлемінің көрсеткішін неғұрлым айқын көрсетеді, өйткені бұл индикатор реципиент елдердің экономикасын дамытудағы тиісті мемлекеттердің рөлін көрсетеді. 2021 жылдың басында Азия елдерінен барлық түрдегі жинақталған инвестициялар көлемі бойынша көшбасшылық та олардың басым бөлігін құрайтын Қытайға тиесілі. ҚХР-дан басқа, азия құрлығынан көрнекті шетелдік инвесторлар Жапония мен Гонконг болып табылады, барлығы Азиядан жинақталған инвестициялардың жалпы көлемінде үлес салмағы 2%-дан асатын жеті ел бар (4 сурет). Көрсетілген жеті елдің ішінен Қазақстанда жинақталған инвестициялардың жиынтық көлемі 94,2%-ды құрайды.

-4_каз

 4-сурет. 20 21 жылғы 1 қаңтарға Азияның жетекші әріптес елдерінен Қазақстанға келетін барлық түрдегі жинақталған ш етелдік инвестициялардың көлемі мен үлес салмағы.[4]

Осылайша, жетекші азия елдерінің Қазақстанмен ынтымақтастығы экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі салаларын қамти отырып және елдің дамуында үнемі өсіп отыратын рөл атқара отырып, кешенді сипатқа ие.

[1] Келесі дереккөздердің мәліметтері бойынша есептелген: Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар – желтоқсандағы сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері. Сыртқы және өзара сауда статистикасы. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (жүгінген күні: 12.07.2021); Шетелдік тікелей инвесторлардан Қазақстанға тікелей келетін инвестициялардың жалпы ағыны. Салымдар бағыты бойынша тікелей инвестициялар. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/pryamye-investicii-po-napravleniyu-vlozheniya (жүгінген күні: 14.08.2021); Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасы. Төлем балансы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/platezhnyy-balans-vn-sektora (жүгінген күні: 14.08.2021); Жеке трансферттер (жеке тұлғалардың өтеусіз ақша аударымдары). Төлем балансы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/platezhnyy-balans-vn-sektora (жүгінген күні: 14.08.2021); 2021 жылғы 1 шілдедегі статистикалық бюллетень. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/198093?lang=ru (жүгінген күні: 14.08.2021).

[2] Келесі дереккөздердің деректері бойынша есептелген: 2015 жылғы қаңтар – желтоқсандағы Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (жүгінген күні: 16.08.2021); Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар – желтоқсандағы сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (жүгінген күні: 16.08.2021); Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Ақпараттық-аналитикалық жинақ. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі дайындаған. Б.Т. Сұлтановтың редакциясымен. Алматы, 2006-380 б.; Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметі. Статистикалық жинақ/Ж. А. Күлекеевтің редакциясымен/. Алматы, 1999-388 б.;  Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы және бірлескен кәсіпкерлігі. Статистикалық жинақ. Б.Қ. Тортаевтың редакциялауымен/ Алматы, 2004 – 226 б. /

[3] Келесі дереккөздердің деректері бойынша есептелген: Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар – желтоқсандағы сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (жүгінген күні: 16.08.2021).

[4] Келесі дереккөздің деректері бойынша есептелген: Қазақстанның 2021 жылғы 1 қаңтарға Халықаралық инвестициялық ұстанымы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL:https://nationalbank.kz/ru/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciya (жүгінген күні: 17.08.2021).

Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 25 жылдығына арналған «Қазақстан және Шығыс әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Қазақстанның Шығыс елдерімен экономикалық ынтымақтастығы: негізгі салалардағы негізгі әріптестер» баяндамасынан үзінді. 2021 жылғы 25 қараша, Алматы, ҚР БҒМ ҒК Шығыстану институты.

  

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке