Қазақстанның жоспарларын Сауд Арабиясы қызығушылықпен қабылдады

kushkumbaev

Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына өзінің алғашқы ресми сапарын жасады. Оның сапары бірден қорытындылар мен нәтижелерге бағытталған. ҚР Президентінің экономикалық дипломатияға да бағдарланғаны көрініп тұр. Оның сапарлары кәсіпкерлермен және бизнес-топтармен кездесумен қатар жүретіні кездейсоқтық емес. Мысалы, белгілі бір елдің басшылығымен кездесуден кейін Президент Тоқаев бизнес-қоғамдастықпен нақты кездесулер өткізіп, елімізге инвесторларды тартып, іскерлік келіссөздер жүргізеді.

Сауд Арабиясына сапары барысында ҚР Президенті Қазақстанға инвесторлар ретінде ірі көшбасшы компаниялар-саудтық кәсіпкерлермен нәтижелі және көп үміт күттіретін кездесулер өткізді. Атап айтқанда ауыл шаруашылығын қайта өңдеу, азық-түлік қауіпсіздігі сияқты жобаларға инвестициялар салу туралы сөз болды.

Көбінесе адамдар Сауд Арабиясын мұнай өндіруші, мұнай өндіретін ең ірі ел деп санайды. Бірақ Қазақстан ауыл шаруашылығы, заманауи коммуникациялар, көлік, цифрландыру, жасыл энергия салаларында ынтымақтастық жасауға мүдделі. Барлық осы салалар, соның ішінде климаттық күн тәртібін және баламалы энергия көздерін қоса алғанда көптеген елдерді алаңдатады. Біздің жоспарларымыз Сауд Арабиясына жеткізілді. Тиісінше Сауд Арабиясы қызығушылықпен қабылдады.

Президенттің стилі мынадай: ол қандай да бір елдің, қандай да бір кәсіпкерлерін не қызықтыруы мүмкін екенін және Қазақстанның не ұсына алатынын, сондай-ақ өзара тиімді негізде қандай да бір бенефицияны ала алатындығын біле отырып, нақты және нүктелі келіссөздер жүргізеді.

Біз инвестициялар ағынын күтеміз. Мұндай кездесулер ұйымдастырылмас бұрын күн тәртібі сапардан бұрын қалыптастырылады, пысықтаулар жүргізіледі. Ал сапар барысында нақты мүдделі салалар белгіленеді.

Президент кездесулер өткізді және алдағы уақытта белгілі бір жобалардың іске асырылатындығы анық. Мысалы, қазірдің өзінде Алматы облысында ауыл шаруашылығы жобалары немесе жасыл сутегі өндірісі саласындағы бірлескен жобалар пысықталуда. Ислам даму банкімен бірқатар бірлескен жобалар бар. Бұл ағылып келудің жүріп жатқанын көруге болады, сәйкесінше біз енді нәтижелерді күтеміз.

 

 

Бөлісу: