ҚХР-на қазақстандық инвестициялар: құрылымы, үрдістері, жай-күйі*

-обл

Инвестициялық саладағы екіжақты ынтымақтастықта Қазақстан тек қытай инвестицияларының реципиент рөлімен шектелмей, сонымен қатар ҚХР экономикасының инвесторы ретінде де әрекет етеді. 1.07.2021 жылғы жағдай бойынша Қазақстанның ҚХР-ға жинақталған инвестицияларының көлемі 4 324 млн АҚШ долларын құрайды[1], және бұл шама ҚХР-ның Қазақстандағы жинақталған инвестициялар көлемінің үштен бір бөлігіне сәйкес келеді (12 918 млн доллар). Бұл ретте, екіжақты экономикалық ынтымақтастық тарихының көп бөлігінде ҚХР-ға қазақстандық инвестициялар өсу үрдісін көрсетті, бірақ әрқашан біркелкі бола бермейді. Мұның өзі Қытайға тікелей қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемінің серпінін көрсетеді (1-сурет).

-1_каз-1

 

1-сурет. Қазақстаннан Қытайға тікелей инвестициялардың жалпы көлемінің және Қазақстаннан шет елдерге ТШИ жалпы көлеміндегі олардың үлес салмағының серпіні [2].

Осы көрсеткішке келетін болсақ, оның Қазақстан экономикасы үшін күрделі болған соңғы бірнеше жыл ішінде де өсуді көрсеткенін атап өтуге болады, осы орайда бұл өсу жалпы қазақстандық тікелей инвестициялардың өсу қарқынынан озық қарқынмен жүрді, бұл Қазақстаннан шетелге жалпы инвестициялар көлемінде Қытайдың үлестік ғасырының айтарлықтай ұлғаюынан көрініс тапты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш биылғы жылғы дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, тарихи максимумға 4%-ға жетті, бұл қазақстандық бизнестің Қытай нарығына қызығушылығының тұрақты өскенін куәландырады.

Оң серпінге қарамастан, ҚХР-ға қазақстандық инвестиция­лардың басым көлемі Қазақстанның өлшемдері бойынша да аз болып қалуда, ал Қытай ауқымында олар одан да аз болып отыр. Қытай статистикасының деректерін қазақстандық көрсеткіштермен салыстыру Қытайда шоғырланған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 0,07%-да Қазақстаннан ҚХР-ға жинақталған инвестициялардың үлес салмағының шамасын береді (1-кесте).

1-кесте. 2020 жылдың соңында ҚХР-да жинақталған шетелдік инвестициялардағы Қазақстанның рөлі. [3]

-1_каз

Қазақстандық инвестициялардың Қытай экономикасындағы болмашы рөліне қарамастан, олардың қозғалыс үрдістерін қарау Қазақстанның халықаралық экономикалық ынтымақтастығын зерттеу және онда болып жатқан алға басулар тұрғысында айтарлықтай маңызға ие. Осы үрдістер туралы неғұрлым толық түсінікті ҚХР-ға жинақталған қазақстандық инвестициялардың халықаралық инвестициялық позиция статистикасында көрсетілетін көрсеткішін талдау арқылы алуға болады (Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізеді).

Бұл жағдайда Қазақстаннан ҚХР-ға тікелей инвестициялар ағымының серпініне ұқсас жағдай байқалады – Қытайдағы барлық түрдегі жинақталған қазақстандық инвестициялар көлемі абсолюттік және салыстырмалы мәнде де, одан да айқын және қарқынды өсуде (2-сурет).

-2_каз

2-сурет. Қазақстаннан Қытайға барлық түрдегі жинақталған инвестициялар көлемінің және шетелде жинақталған қазақстандық инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлес салмағының серпіні[4].

2020 жылдың қорытындысы бойынша, биылғы жылы орын алған ең ауыр дағдарысқа қарамастан, ҚХР-ға жинақталған қазақстандық инвестициялар көлемі кезекті тарихи максимумға 4 720 млн. долларға жетті, сондай-ақ Қытайда жинақталған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 2,9%-ды құрады. Осылайша, соңғы жылдар ішінде Қазақстанның Қытайдағы инвестициялық қатысу деңгейінің тұрақты өскені байқалуда, ал Қытай бағыты қазақстандық капиталды қолданудың негізгі географиялық бағыттары арасында өзінің маңыздылығын біртіндеп арттыруда. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қытай жинақталған қазақстандық инвестициялар көлемі бойынша әлемнің барлық юрисдикцияларының арасында (оффшорлық аумақтарды қоса алғанда) 12-ші орында тұр, ал 2013 жылдың дәл сол күні бұл орын он бесінші болды.

Бұл ретте инвестициялардың барлық негізгі түрлері – тікелей, портфельдік, басқа да және резервтік активтер бойынша өсім тән (3-сурет).

-3_каз

3-сурет. 2013 және 2021 жылдары негізгі түрлері бойынша ҚХР-да жинақталған қазақстандық инвестициялардың көлемі, млн. АҚШ доллары[5].

Ұсынылған диаграммадан көріп отырғанымыздай, ҚХР-ға жинақталған қазақстандық инвестициялар көлемінің өсуі олардың жекелеген түрлері бойынша біркелкі болған жоқ. Портфельдік инвестициялардың озыңқы өскенін және бұрын болмаған резервтік активтердің пайда болғанын атап өтуге болады, ал ең ірі түрі – басқа инвестициялар – біраз өсті. Қазақстаннан ҚХР-ға жинақталған инвестициялар көлемінің өсу көрсеткіштері 2-кестеде келтірілген.

2-кесте. 1.07.2013-1.07.2021 кезеңінде ҚХР-да жинақталған Қазақстаннан инвестициялардың негізгі түрлері көлемінің ұлғаюының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері[6].

-2_каз

Жалпы алғанда, ҚХР-ға қазақстандық инвестицияларды жүзеге асыру үрдістеріне қатысты мынадай негізгі тұжырымдар жасауға болады:

– Қазақстан екіжақты экономикалық қатынастар тарихының көп бөлігінде ҚХР-ға инвестицияларды арттырды, дегенмен Қытай бағыты осы уақытқа дейін айтарлықтай маңызсыз болып отыр;

– ҚХР-ға қазақстандық инвестициялардың өсуі инвестициялардың барлық түрлері бойынша байқалады, бұл ретте олардың жинақталған көлемі бойынша негізгі түрі әртүрлі борыштық құралдар ұсынылған басқа инвестициялар (немесе өзгелері) болып табылады;

– соңғы сегіз жыл ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға жинақталған инвестициялар көлемі екі есе өсті, бұл жалпы өсімге қарағанда анағұрлым жоғары өсу қарқынын көрсетті, бұл шетелдегі жинақталған қазақстандық инвестициялардың жалпы көлеміндегі Қытайдың үлес салмағының ең жоғары 2,9% деңгейіне дейін артуына алып келді.

 

Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

* 2021 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласында ҚХР Бас консулдығының қолдауымен Қазақстан-Неміс университетінің халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтында болып өткен «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығы қалыптасқан кезеңнен стратегиялық әріптестікке дейін» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінен.

[1] Халықаралық инвестициялық позиция // Сыртқы сектор статистикасы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciya (жүгінген күні: 28.11.2021).

[2] Мынадай дереккөздің мәліметтері бойынша есептелді: Резиденттердің/елдердің экономикалық қызмет түрлері бойынша қазақстандық тікелей инвесторлардан шетелге тікелей инвестициялардың жалпы жылыстауы // Сыртқы сектор статистикасы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/pryamye-investicii-po-napravleniyu-vlozheniya (жүгінген күні: 28.11.2021).

[3] Дереккөздер: The time-series data of International Investment Position of China // Data and Statistics. State Administration of Foreign Exchange. URL: http://www.safe.gov.cn/en/2018/0928/1459.html (жүгінген күні: 30.11.2021); Халықаралық инвестициялық позиция // Сыртқы сектор статистикасы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciya (жүгінген күні: 28.11.2021).

[4] Мынадай дереккөздің мәліметтері бойынша есептелді: Халықаралық инвестициялық позиция // Сыртқы сектор статистикасы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciya (жүгінген күні: 28.11.2021).

[5] Мынадай дереккөздің мәліметтері бойынша есептелді: Халықаралық инвестициялық позиция // Сыртқы сектор статистикасы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciya (жүгінген күні: 28.11.2021).

[6] Мынадай дереккөздің мәліметтері бойынша есептелді: Халықаралық инвестициялық позиция // Сыртқы сектор статистикасы. Қазақстан Ұлттық Банкі. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciya (жүгінген күні: 28.11.2021).

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке