ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ-да БҰҰ Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысымен кездесу өтті

20-04-22

2022 жылғы 20 сәуірде құрамында БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі, Орталық Азиядағы Превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы Наталья Герман, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты координаторы Микаэла Фриберг-Стори, ОАПДАО басшысының орынбасары Филипп Сапрыкин және ОАПДАО-ның Қазақстандағы өкілі Бақыт Әбділдина бар БҰҰ делегациясы ҚСЗИ басшылығымен кездесті.

БҰҰ ОАПДАО миссиясы Орталық Азиядағы болатын қауіптер мен туындайтын проблемаларды шешуде кеңейтілген диалогқа, сенім шараларына және ынтымақтастыққа негізделген превентивтік дипломатия тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. Орталық су ресурстары, энергетика, терроризмге қарсы күрес және қақтығыстардың алдын алу бойынша әлеуетті арттыру, диалогты ілгерілету және қолдауды жұмылдыруға қатысты нақты жобаларды жүзеге асырады.

Кездесу барысында тараптар бірқатар тақырыптарды талқылап, ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері бойынша келісімге келді:

– 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және аймақтың бес елінің жетекші аналитикалық құрылымдарын біріктіретін жыл сайынғы Орталық Азия сарапшылар форумын (ОАЭФ) өткізу тәжірибесін жалғастыру;

– Орталық Азия елдерінде ең маңызды болып табылатын су мәселелері, климаттың өзгеруі бойынша сараптамалық пікіралмасуды дамыту;

– елде және аймақтағы әйелдердің рөлін нығайтуға және гендерлік теңдікке арналған бірлескен іс-шараларға қатысу.

Ауғанстан мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар бұл елдегі күрделі гуманитарлық жағдайға тоқталып өтті. Аймақтың түйінді мәселелері бойынша жан-жақты сараптамалық пікірталас жүргізу үшін Ауғанстан тарапының да пікірін тыңдау маңызды екені айтылды.

Ағымдағы геосаяси жағдай азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жағдайды айтарлықтай ушықтырды. Осы орайда БҰҰ ОАПДАО басшысы Н.Герман Қазақстанның бүкіл аймақты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі бар мүмкіндіктерін атап өтті, бұл, әрине, қазіргі жағдайды жақсарта алады. Өз кезегінде, БҰҰ өкілдері бұл мәселеде қазақстандық тарапқа қолдау көрсетуге дайын.

Сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар тақырыбы да жан-жақты талқыланды. ОАПДАО тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық өзгерістерді қолдайтынын, сондай-ақ оларды нақты жүзеге асыруда консультативтік және құқықтық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша ҚСЗИ директоры Е.Тұқымов қазіргі жаһандық турбуленттілікке қатысты аймақтың ең өзекті мәселелері бойынша Қазақстанда ОАЭФ-тің кезектен тыс отырысын өткізу мүмкіндігін атап өтті.

20 04 22 1

20 04 22 2

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке