ҚР Президентінің жолдауын талқылау аясында ҚСЗИ мен ОКҚ дөңгелек үстел өткізді

17-03-22

2022 жылдың 17 наурызында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «Саяси реформалар: Сараптамалық көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ). Дөңгелек үстелді модератор ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов жүргізді.

Өзінің алғы сөзінде Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы Жаңа Қазақстанның бастауы болғанын, Президенттің жаңа бастамалары мен реформалары тек билік органдарына ғана емес, сонымен қатар әрбір қазақстандыққа тікелей ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ ҚСЗИ директоры Президенттің саяси реформалардың қажеттілігі және уақытылы жүргізілгендігіне, оларсыз тиімді экономикалық даму да, азаматтық қоғам құру да, сайып келгенде, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтау да мүмкін еместігіне тоқталды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық кеңестің мүшесі Айдос Сарым, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Еуропалық құқық және Адам құқықтары жөніндегі Сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, «Аманат» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиева, Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл, «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалының директоры Серікжан Байбосынов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының директоры Қазбек Майгелдинов, ШҚО Азаматтық альянсының төрағасы, ШҚО Талдау институтының директоры Олег Чернышов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова, Жетісу мемлекеттік университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Амангелді Толамисов, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Индира Рыстина қатысты.

 

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке