ҚСЗИ-да Марокко Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісімен кездесу өтті

12-04-22

2022 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Марокко Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Рашид Маанинумен кездесу өтті.

Кездесуге ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев пен Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.

Елші Мұхаммед Рашид Маанину өз сөзінде Марокко Корольдігінің соңғы жылдардағы қайта индустрияландыру нәтижесінде қол жеткізген экономикалық жетістіктері, жасыл экономикаға көшу жобалары және әлемнің дамыған елдерімен өзара іс-қимыл деңгейі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Тараптар екі елдің геостратегиялық ұстанымының ұқсастығын атап өтті, Қазақстан-Марокко қарым-қатынасының келешегін, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық, туризмді дамыту және т.б. салаларын талқылады.

Елші Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Марокко Корольдік стратегиялық зерттеулер институты (IRES) арасында серіктестік орнатуға көмектесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша байланыстарды одан әрі нығайту және мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке