ҚСЗИ директоры Джордж Вашингтон университетінде өткен сараптамалық талқылауға қатысты

28-04-22-2

2022 жылдың 27 сәуірінде Джордж Вашингтон университетінде «Геосаяси өзгерістер жағдайындағы Қазақстандағы саяси реформалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның басты міндеті – Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған саяси реформалары туралы пікір алмасу.

Шетелдік және қазақстандық сарапшылар Қазақстандағы билік институттарын трансформациялаудың қазіргі жағдайы мен үрдістерін, Президент бастамаларының саяси, әлеуметтік және экономикалық мәнін, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту перспективаларын талқылады.

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Қазақстанның ішкі саяси өміріндегі терең өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.

«Бұрын-соңды болмаған қаңтар оқиғасы Қазақстанның саяси жүйесінің тұрақтылығына үлкен сын болды. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің саяси жаңғыру бағытын жалғастырып, 16 наурыздағы Жолдауында ауқымды саяси реформалар бағдарламасын ұсынды. Сондықтан реформалар бағдарламасы ең алдымен билікті бөлісу қағидатын нығайтуға және демократиялық институттарды күшейтуге бағытталған. Орталықсыздандыру, монополиядан және бюрократиядан арылту Қазақстандағы саяси реформалардың негізгі қағидаттарына айналуда. Бұл реформалардың маңыздылығын, мемлекет пен қоғам үшін ерекше мәнді екенін көрсетеді», – деді Еркін Тұқымов.

Іс-шараға Гарвард университетінің Дэвис атындағы Орталық Азия бағдарламасының ресейлік және еуразиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері және директоры Наргис Қасенова, АҚШ Бейбітшілік институтының Орталық Азия бойынша аға сарапшысы Гэвин Хельф, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Демократия, адам құқықтары және еңбек бюросының директоры Морин Хаггард, Джордж Вашингтон университетінің Эллиот атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің Еуропа, Ресей және Еуразия зерттеулер институтының (IERES) директоры және зерттеуші профессоры, Еуразия қауіпсіздігін зерттеудегі жаңа тәсілдер бағдарламасының (PONARS) тең директоры Марлен Ларуэль қатысты.

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке